Форум • 28 Наурыз, 2026
«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы
Еліміз цифрлық экономиканы дамытуда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жаңа шешімдер мен бастамалар Шымкентте өткен «Digital Qazaqstan 2026» форумында таныстырылып, технологиялық инфрақұрылым, адам капиталы мен инновациялық кәсіпкерлікті қолдау тетіктері сараланды. Жиында ұсынылған жобалар елдің цифрлық экожүйесі кезең-кезеңімен қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
Дәстүр • 21 Наурыз, 2026
Шымкентте республикалық «Жарапазан Fest» байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен командалар келіп қатысты. Өнер ұжымдары өз аймақтарының мақамымен Жарапазан жырын орындап берді.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шымкент қаласында референдум науқаны ерекше басталды. Азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген азаматтарға сыйлықтар табысталды.
Өндіріс • 14 Наурыз, 2026
Еуропалық нарыққа бағыт алған кәсіпорын
«Қазақстандық металл құрылымдар зауыты» ЖШС агроөнеркәсіп пен мұнай-газ салаларына арналған жоғары технологиялық жабдықтар өндіреді. Зауыт – республика көлемінде осы салаға маманданған жетекші кәсіпорын. Әрі өндіріс орны аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасын өндіреді. Олардың көмегімен топырақ өңдеп, дақылдар егуге, егістікті күтіп-баптауға болады.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Білімді бақылау жүйесінде алға озды
Білім саласының қызметін цифрландыру жөнінен Шымкент республика көлемінде алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру бағытында Шымкентте бірқатар өндірістік алаңдар жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы аймақтар 455 кәсіпорынның басын біріктіреді. Оған жұмсалған инвестиция 700 млрд теңгеден асады.
«Таза Қазақстан» • 13 Ақпан, 2026
Ерікті жастар елдік бастамаға атсалысты
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Шым» жобасы іске асырылып, оған қаланың белсенді жастары атсалысып келеді. Жақында жастар Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне барып, аумақты қоқыстан тазалады. Өз кезегінде аудан әкімдігінің мамандары да жастарға қолғабыс көрсетті. Қажетті құрал-сайман, техникамен қамтамасыз етті.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік маңызды екі нысанның құрылыс аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Оның бірі – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешені болса, екіншісі – 200 орынға арналған №2 қалалық перинаталдық орталық.
Қоғам • 05 Ақпан, 2026
Шымкентте педагогтерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара аясында педагог мәртебесі бар мамандарға бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ мұғалімдерге конкурсқа қатысудың рәсімі түсіндіріліп, құжаттарды электронды платформаға жүктеу бойынша кеңес берілді.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.