Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Темірдей тәртіп қана тығырықтан алып шығады
Қазіргі кезде көпшіліктің көңілін күпті етіп отырған коронавирус індетінен сақтанудың ең тиімді жолы – тәртіпке бағыну екені айтылуда. Бұл ретте елімізде тиісті шаралар қабылданып, жүзеге асуда. Бүгінгі күннің өзі талап бар жерде тәртіптің де болуы керектігін көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін өңірлерде де карантин жарияланды. Десек те, кейбіреулердің осындай кезде тәртіпке бағынбай, шектеулерге шекеден қарайтын да жағдайлары да белгілі болуда.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында қоғамдық және жеңіл автокөліктердің қозғалысы тоқтатылды
Қазіргі кезде коронавирус індетінен сақтану мақсатында Жамбыл облысы аумағында карантин режимі енгізілген болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде індет жұқтырғандар саны 50 адамнан асып отыр.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Тұрғындарды толғандырған түйткіл көп
Мектеп мәселесі маңызды Жамбыл облысында білім беру саласындағы көптеген түйінді мәселелер жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Өңірдің бірқатар ауданындағы апатты мектептердің мәселесі де жыл сайын шешілуде. Ал тоғыз жолдың торабында орналасқан Т.Рысқұлов ауданында апатты мектептердің мәселесі болмағанымен, мектептегі орын жетіспеушілігі мәселесі маңызды болып тұр. Аудан бойынша 39 білім беру ошағы бар болса, онда 14590 оқушы оқиды. Аудан орталығы Құлан ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте орын тапшылығы сезілуде. Аталған білім нысаны 1976 жылы салынған. Салынғанына қырық жылдан асқан мектепте қазір бала саны көбейген. Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісовтің айтуынша, сыйымдылығы 730 оқушыға арналған мектепте бүгінде 1600 оқушы білім алады. Яғни оқушы саны екі есе көп. Құландықтардың басты мәселесінің бірі – білім беру нысанын кеңейту. Мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі облыстан қаражат сұраған. Дегенмен бұл мәселе әлі қарастырылу үстінде. Сонымен қатар Құмарық ауылындағы Болтай батыр атындағы орта мектептің мәселесі де өзекті. 1991 жылы салынған білім нысаны сол уақыттан бері жөндеу көрмеген. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі таңда тозығы жетіп тұрған мектепті жөндеуге қаражат болмаған. Білім нысанының тозығы жетіп тұрғанын бүгінгі көрінісінен де байқауға болады. Жуырда ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Б.Сапарбаев та Құмарық ауылындағы білім ошағының жай-күйімен танысқан еді. Әкім халықаралық күре жолдың бойында орналасқан мектептің әлі күнге дейін жөндеу көрмей тұрғаны ыңғайсыз екенін айтып, бұл мәселені қарастыратынын айтты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Жамбылда коронавирус індетін жұқтыру бойынша жаңа жағдай анықталды
Бүгін Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді. Науқас 1983 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны болып шықты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Жамбылда 42500 теңгені төлеу бойынша 43835 шот ашылған
Ұлттық Банк Жамбыл облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин екінші деңгейлі банктердің төлемдер мен жәрдемақы төлеу жұмыстарының мерзімі ұзартылуына қатысты шараларды хабарлады.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Жамбыл облысының бюджет кірісіндегі көрсеткіштер ойдағыдай емес
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте аймақтың ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың карантин жағдайындағы іс-әрекеттері және халықпен кері байланыс орнатуға қатысты мәселелері талқыланды.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2020
Әулиеаталық өндіріс орындарының әлеуеті қандай?
Бүгінде Жамбыл облысында орналасқан өндіріс орындарының жұмысын ілгерілету, кәсіпкерлерді қолдау мәселелері қолға алынуда. Осы орайда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Jardem-109» мониторинг және жедел әрекет ету ақпараттық орталығында болып, «Тараз былғары аяқкиім» ЖШС фабрикасында, «Та-Мак» ЖШС-іне және «БМ» өндірістік кәсіпорнына барды.
Руханият • 16 Сәуір, 2020
Дүниедегі әрбір жаратылыстың өзіне тән ерекшелігі бар. Ғалам жаратылғалы бергі аңыз-әңгімелер, қисса-дастандардың өзі адамзаттың рухани бұлақ көзі болып келеді. Ұлы кітаптарда да күллі адамзаттың, қауымдардың тағдыры, жер бетіндегі түрлі оқиғалар кездеседі. Алайда, өзіміз күнде көріп жүрген, бірақ аса мән бере қоймайтын тіршілік иелерінің де үлкен құбылыс екенін біліп жатамыз.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Сарысу ауданында ерікті әскери міндеттілер жиынға тартылды
Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін «Әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында балаларға қарсы зорлық көрсеткіші өсіп тұр
Жуырда ғана Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов ақпан айынан бергі жұмысын қорытындылап, есеп берген болатын.