Аймақтар • 19 Қазан, 2023
Жаңаөзен қаласындағы мәселелер толықтай шешімін тапты деуге әлі ерте. Жылдар бойы қордаланған зәруліктерді аз ғана жылдың аясында шешудің оңай емес екенін ескере отырып, бүгінде істеліп жатқан жұмыстарға қанағат етуге тиіспіз. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына үш күндік іссапармен барып, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының соңғы күні аймақ басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті.
Егемен Қазақстан • 16 Қазан, 2023
Басылымдардың басты байлығы – оқырман
Баспасөзге жазылу жалпының ісі болғанымен әлеуметтің газет-журнал оқудан сырт айналғанына біраз болғаны белгілі. Бұл ақпарат саласында қызмет істейтіндердің ғана шаруасы ретінде бағаланып жүр. Соның салдарынан жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу мәселесі қиындық туғызып келеді.
Аймақтар • 16 Қазан, 2023
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 5 қарашаға тағайындалған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапармен барды.
Кәсіпкер • 25 Қыркүйек, 2023
Кәсіпкерлер заңдық көмекке зәру
Сенат депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өндірістік кәсіпорындарды аралады. Олар «Caspi Bitum» БК» ЖШС, «Ақтау Теңіз Сауда Порты» ҰК» АҚ, «Chem-Invest Export» ЖШС, «Topan Chemical Industries» ЖШС және «Caspian Safety Group» ЖШС-нда болып, өндіріс орындары ұжымдарымен жүздесті.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023
Маңғыстау облысына іссапармен келген Премьер-министр Әлихан Смайылов алдымен «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және МАЭК-тің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Маңғыстау облысына іссапармен келген Премьер-министр Әлихан Смайылов алдымен «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және МАЭК-тің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023
Ірімшік сайысынан жүлдемен оралды
Ірімшік дайындау тек аспаздық немесе кәсіптік емес, ірі деңгейдегі сайыстардың да өзегі болып келеді. Газетімізде бұрын Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағында орналасқан «Жеті лақ» фермасы Францияда өтетін «Mondial du fromage – 2023» халықаралық ірімшік және сүт өнімдері байқауына жолдама алғанын хабарлаған едік. Бұдан үш жыл бұрын өз кәсібін бастап, бүгінде пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарып, айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма иелері Никита Кобзев пен Александра Григолованың Франциядағы сайыстан қоржыны құр қайтқан жоқ.
Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Электр энергиясы қалпына келтіріледі
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) апат жағдайы маңғыстаулықтар үшін аса маңызды мәселеге айналды. Жаздыгүні суға жарымаған тұрғындарға енді жарықты тұтынуға уақытша шектеу енгізілуі «жығылғанға жұдырық» немесе «көтере алмаған қосып арқалайдының» кері болып тұр.
Білім • 11 Тамыз, 2023
Төрт мектеп түлектері түгел грантқа түсті
Биыл маңғыстаулық түлектердің дүбірі жер жарды деуге болады. Мектеп бітірген 7 436 түлектің 2 660-ы оқу гранттарына, оның ішінде 347 түлек нысаналы грантқа ие болды. Қазіргі таңда облыс әкімінің грантына байқау жүріп жатқанын ескерсек, грант иегерлерінің саны арта түспек.
Шахмат • 09 Тамыз, 2023
Шаршы тақтадағы оқушылар сайысы
Теңіз қақпасы саналатын Ақтау қаласы халықаралық деңгейдегі шахматшылар жиналып, өзара бақ пен бап, шеберлік сайыстырған шахмат аламанының алаңына айналды. Спорттың тілі ортақ екені, спортта шекара жоқтығы тағы бір дәлелденді.
Бизнес • 26 Шілде, 2023
Маңғыстауда «Жеті лақ» деген шаруашылық бар. Дүкен сөрелерінен сүйкімді суретті құтыға құйылған шаруашылықтың сүт өнімдерін тұрғындар жиі сатып алады. 2020 жылы құрылып, өз жұмысын бастаған «Жеті лақ» фермасы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан. Кәсіпкерлер отбасы ешкі мен түйе сүтінен ірімшік өнімдерін шығарумен айналысады, яғни пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады. Қазіргі таңда Кобзевтер отбасы айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді.