Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
2023 материал табылды

Қоғам • Кеше

Ақтау тұрғындарының саны 300 мыңнан асты

Қазіргі таңда қала халқының саны 303 752 адамды құрайды. Оның ішінде жыл басынан бері 6001 сәби дүниеге келген. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов өңір басшысының қатысуымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шаруашылық • 06 Желтоқсан, 2025

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытатын жобалар жүзеге асырылды

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында аграрлық секторды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқын алуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2025

Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы халықаралық деңгейде насихатталып жатыр

Маңғыстауда жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын халықаралық деңгейде насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Тұлға • 06 Желтоқсан, 2025

Кемеңгер туралы кітап

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайрат­кері Әбіш Кекілбайұлының туған күні 6 желтоқсан – Маңғыстауда әдебиет­ мерекесіне айналды. Биыл жазушының өмірден өткеніне (11 желтоқ­сан) 10 жыл екен. Осы орайда өзі еңбек еткен, тұрақты авторы әрі оқырманы болған сүйікті газеті «Egemen Qazaqstan» арқылы «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітап шыққанын жарияламақпыз.

Руханият • 04 Желтоқсан, 2025

Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы туралы жаңа кітап жарық көрді

Әбіштанушы Бақтыбай Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025

Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді

Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 02 Желтоқсан, 2025

Жол – экономиканың ғана емес, мәдениеттің де көрінісі

Маңғыстауда жолға қатысты шаруалар ретімен жүзеге асырылып келеді. Биыл жазда басталған теміржол вокзалдарын кешенді реконструкциялау жұмысы өз деңгейінде жүріп жатыр.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

Ауыл тұрғындарын кәсіпке баулитын колледж

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі білім берудің жаңа бағытын қолға алып, мобильді жылжымалы оқыту орталығын іске қосты. Арнайы жаб­дықталған көлік арқылы оқытушылар шалғайдағы ауылдарға барып, жергілікті тұрғындарға қысқамерзімді кәсіби курстар өткізеді.

Руханият • 24 Қараша, 2025

Енді Жаңаөзенде «Әбіштану» кабинеті бар

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында №5 мектеп-гимназиясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының рухани мұрасын насихаттауға арналған «Әбіштану» кабинетінің ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 24 Қараша, 2025

Маңғыстауда бір күнде үш жаңа өрт сөндіру орталығы ашылды

Маңғыстауда төтенше жағдайларға қарсы қауіпсіздік деңгейі жаңа белеске шықты. Өңірде бір күнде үш өрт сөндіру орталығы ашылып, 80 мыңнан астам тұрғынды қамтитын аумаққа жедел көмек көрсету мүмкіндігі айтарлықтай артты. Заманауи техникамен жарақталған нысандар шалғай елді мекендердің де қауіпсіздігін күшейтіп, азаматтық қорғау жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz