
Баға • 24 Қаңтар, 2025
Азық-түлік түрлері түгел дерлік сырттан тасымалданатын Маңғыстауда бағаның аяқасты аспандап кетуі таң емес. Сондықтан әкімдік өзіміздің кәсіпкерлер арқылы сөредегі жергілікті өнім үлесін арттыруға күш салмақ. Облыс басшылығы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында жергілікті өнім өндіруші, сауда желісі және әкімдік арасындағы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025
Астық терминалы қайта іске қосылды
Жыл басында Бейнеу астық терминалы екінші рет ашылды. Алғаш іске қосылған 2010 жылдары атағы да, астығы да алысқа кетіп, кебегімен төңіректегі мал тойынған терминал 16 гектар жерге орналасып, аумағында астық өңдеу цехы және жем өндіру бойынша автоматтандырылған цехтар мен элеватор жұмыс істеген еді.
Білім • 20 Қаңтар, 2025
Жаңаөзенде «Жарқын Болашақ» бағдарламасының таныстырылымы өтті
Маңғыстау жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Жарқын Болашақ» бағдарламасының қатысушылары Жаңаөзен қаласының тұрғындарына арнап салтанатты концерт ұйымдастырды. Іс-шара маңғыстаулықтарға бағдарламаның мақсатын таныстырып, екі жылғы жұмыс нәтижесін көрсетуге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Сәбидің жетілуіне сеп болатын құрылғылар
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығы соңғы үлгідегі, жоғары сапалы медициналық құрылғылармен – гипотермия аппараты, өкпені жасанды желдету құрылғысы, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатормен толықты.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025
Ақтау қаласындағы тұрғындар саны артуынан мектептегі орын жетіспеушілік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осыған орай шаһардағы 33-шағын ауданында №33 жалпы білім беретін кезекті су жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Энергетика • 09 Қаңтар, 2025
Дау бітті – делдалдар нарықтан кетті
«Тасымалдаушы» деген тонды жамылып, энергияны өндіруші мен тұтынушы арасынан қарпыта асауға дағдыланған делдал мекемелер көпшіліктің наразылығын тудырып жүр еді. Олар «тасымалдамай-ақ», Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) пен электр тасымалдауды, жабдықтауды ұйымдастыратын МӨЭК мекемелері халықты энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы емес пе? Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде де бірнеше рет қозғалды. Жаңа жыл қарсаңында көптен күттірген жағымды жаңалықты да естідік – Маңғыстауда делдал мекемелер энергия тасымалдау нарығынан кетті.
Марапат • 09 Қаңтар, 2025
Ұшақ апаты кезінде ерлік көрсеткендер марапатталды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзербайжандық «Azerbaijan Airlines» ұшағы апатқа ұшыраған кезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттап, Президенттің Алғыс хатын табыстады.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2024
25 желтоқсан, сәрсенбі күні сағат 11.20 шамасында Ақтау қаласы маңында қайғылы оқиға болды. Баку қаласынан Грозный қаласына бет алған әзербайжандық «Az Airlines» әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы әуежайға жетпей құлап, өртке оранды. Ұшақ бортында 62 адам, 5 экипаж мүшесі болған.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2024
Маңғыстау облыстық ауруханасында апаттан зардап шеккен 6 науқас қалды
Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасының бақылауымен ұшақ апатынан зардап шеккен 14 (13 ересек, 1 бала) Әзербайжан азаматы өз еліне эвакуацияланды.
Төтенше жағдай • 26 Желтоқсан, 2024
Маңғыстаулықтар Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды
26 желтоқсан күні ұшақ апатынан зардап шеккен әзербайжандық 14 азамат пен күні кеше Ақтауға келген Әзербайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне аттанды. Оның ішінде апаттан аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.