Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1822 материал табылды

Көрме • 29 Қазан, 2023

Суретшілерге шабыт берген экспедиция

Маңғыстауда мың бояулы сурет әлемінің шеберлері аз емес. Талай додалардан жүлде алып, туған елдің өткені мен бүгінін, ел мен жерді, ұлттық құн­дылықтар мен тұрмыс-тіршілігімізді қаз-қалпында көз алдыңа көрікті кар­тина етіп ұсынып жүрген суретшілер – тарихты қылқаламмен хаттау­шы­лар.

Аймақтар • 24 Қазан, 2023

Жаңа үйлер жасыл желекпен абаттандырылады

Отбасы банктің Маңғыстау облыстық филиалы ұжымы Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Жануарлар • 24 Қазан, 2023

Арқар саны артып келеді

Маңғыстаудың маң дала­­сының сәнін келті­ретін аңдар­дың бірі – арқар. Пір Бе­кеттің асырауында бол­ған тү­лік саналатындықтан өңір тұрғындарының ұғы­мында арқарға деген құрмет айрықша. Бір жылдары әртүрлі себеп­пен саны азай­ған ар­қардың басы қазір қай­та көбейіп келеді.

Шаруашылық • 24 Қазан, 2023

Шаруасы қожырамаған қожалық

Шаруасын дөңгелетіп, өзімен бірге өзгелердің де нәпақа айыруына сеп болып отырған шаруашылықтың бірі – «Құлжановтар» қожалығы. Маңғыстау ауданының «Нысап» жерінде мал өсіріп, егін егумен айналысып келе жатқан шаруашылықтың жұмысы жолға қойлыған.

Аймақтар • 19 Қазан, 2023

Жаңаөзеннің жайы қалай?

Жаңаөзен қаласындағы мәселелер толықтай шешімін тапты деуге әлі ерте. Жыл­дар бойы қордаланған зәруліктерді аз ғана жылдың аясында шешудің оңай емес екенін ескере отырып, бүгінде істеліп жатқан жұмыстарға қанағат ету­­ге тиіспіз. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласына үш­ күндік іссапармен барып, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі сияқты қала маңындағы ауылдарда есептік кездесулер өткізді. Жұмыс сапарының соң­ғы күні аймақ басшысы Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, пікір­лесті.

Егемен Қазақстан • 16 Қазан, 2023

Басылымдардың басты байлығы – оқырман

Баспасөзге жазылу жалпының ісі болғанымен әлеуметтің газет-журнал оқудан сырт айналғанына біраз болғаны белгілі. Бұл ақпарат саласында қызмет істейтіндердің ғана шаруасы ретінде бағаланып жүр. Соның салдарынан жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу мәселесі қиындық туғызып келеді.

Аймақтар • 16 Қазан, 2023

Сайлауға әзірлік пысықталды

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 5 қарашаға тағайындалған аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапармен барды.

Кәсіпкер • 25 Қыркүйек, 2023

Кәсіпкерлер заңдық көмекке зәру

Сенат депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өндірістік кәсіпорындарды аралады. Олар «Caspi Bitum» БК» ЖШС, «Ақтау Теңіз Сауда Порты» ҰК» АҚ, «Chem-Invest Export» ЖШС, «Topan Chemical Industries» ЖШС және «Caspian Safety Group» ЖШС-нда болып, өндіріс орындары ұжымдарымен жүздесті.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023

Маңғыстаудың мүмкіндігі мол

Маңғыстау облысына іссапармен келген Премьер-министр Әлихан Смайылов алдымен «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және МАЭК-тің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.  Маңғыстау облысына іссапармен келген Премьер-министр Әлихан Смайылов алдымен «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту және МАЭК-тің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.  

Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023

Ірімшік сайысынан жүлдемен оралды

Ірімшік дайындау тек аспаздық немесе кәсіптік емес, ірі деңгейдегі сайыстардың да өзегі болып келеді. Газетімізде бұрын Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағында орналасқан «Жеті лақ» фермасы Францияда өтетін «Mondial du fromage – 2023» халықаралық ірімшік және сүт өнімдері байқауына жолдама алғанын хабарлаған едік. Бұдан үш жыл бұрын өз кәсібін бастап, бүгінде пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарып, айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма иелері Никита Кобзев пен Александра Григолованың Франциядағы сайыстан қоржыны құр қайтқан жоқ.