
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Бейнеуде әскери қызметкерлер дауыс берді
Бейнеу ауылындағы №117 референдум учаскесінде әскери қызметкерлер өз таңдауларын жасады.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Маңғыстау облысының әкімі референдумға қатысты
Бүгін, 6 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Ақтаудағы дауыс беру учаскелерінде жәрмеңке ұйымдастырылды
Ақтау қаласындағы сайлау учаскелерінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Маңғыстау тұрғындары референдумда дауыс бере бастады
Бүгін облыстағы дауыс беру учаскелері таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылды. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, тұрғындар таң сәріден дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Қазан, 2024
«Abish alemi» үздіктерді анықтады
Маңғыстауда заңғар жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. Ауқымды ғылыми-практикалық конференция аясында шымылдығы ашылған «Abish alemi» ІІІ халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Еңбек ері, халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына орай, туған елі Ақтау қаласында «Әбіш Кекілбайұлы оқулары-2024» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды іс-шараға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елінен ғалымдар мен ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2024
Қысқа дайындықты жазда қолға алған Ақтау қаласында жылу құбырларын жөндеу жұмыстарының саябырсуы тұрғындардың алаңдауына түрткі болды. «Күн суытып келеді, жылу қосылу уақыты жақындады, көшедегі жұмыстар баяу жүріп жатыр», деп жұрт жергілікті әкімдікті мазалай бастады.
Тағзым • 21 Қыркүйек, 2024
Ақтаудағы Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада керемет іс-шара өтті. Қазақ руханиятының қабырғалы өкілі Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқаудың жөні бөлек. QC холдинг компаниясы мен Мұнайлы аудандық орталық кітапханасы бірге ұйымдастырған «Әбіш оқулары» сайысына аталған аудан мектептеріндегі 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024
Ақтауда ең өзекті мәселенің бірі – ауызсу. Әсіресе жазда, аптап ыстықта қиын. Қала әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Салидың айтуынша, өзекті мәселені жеңілдету үшін Ақтау қаласында 6 жоба жүзеге асырылып жатыр. «МАЭК» ЖШС жазғы маусымда тәулігіне шамамен 52 000 текше метр ауызсумен қамтамасыз етеді. Жаз айларында қосымша қажетті ауызсу көлемі шамамен 20-25 мың текше метрді құрайды.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024
Оқушылар сарайының іргетасы қаланды
Жаңаөзенді дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Қыркүйек айы басталысымен мұнайлы қалада оқушыларға арналған нысанның іргетасы қалануы да осы мақсат аясындағы іс.