Тағайындау • 22 Мамыр, 2020
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен және Денсаулық сақтау министрінің келісімімен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Жамал Жаманбаева тағайындалды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Маңғыстау облысында 150 мыңнан аса оқушыға «Соңғы қоңырау» онлайн соғылады
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Маңғыстау: Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 34 млрд теңге бөлінген
Төтенше жағдай режимі кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамтудың жол картасы жасақталып, бекітілді. Қабылданған Жол картасының негізгі мақсаты - жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және табыстың болуын қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау, деп баяндаы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Жайсаңгүл Досполова.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Маңғыстау: 455 адам мемлекеттік гранттармен қамтылады
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова мәлімдеді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Мемлекеттік басқару академиясына қалай оқуға түсуге болады?
Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу» тақырыбында тікелей эфир өтті, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Маңғыстаудың бас экологы тұрғындармен онлайн пікірлесті
Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Төкенов Руслан Кәрімұлы және «Экология – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Манов Әсет Мәлікұлы қонақта болып, тікелей эфирде әлеуметтік желі қолданушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Экология департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Мерзімді қызметтегі сарбаздар поезд эшелондарымен үйлеріне қайтуда
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінде мерзімді қызметтегі сарбаздардың жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өткізілді, - деп хабарлайды аталмыш өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
Маңғыстау: Бір жылда облыс аумағындағы жолдардың сапасына 490 рет тексеру жүргізілді
«Ұлттық жол активтері ұлттық сапа орталығы» Маңғыстау филиалының қызметкерлері 2019 жылдың 23 мамыры мен 2020 жылдың 18 мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдар сапасын сараптау мақсатында 490 рет тексеру жүргізіп, 1708 сынама іріктеліп алынды. Бұл туралы аталған филалдың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2020
Қайырымдылық пен қамқорлық – қазақтың қанында бар қасиет. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген волентерлер жұдырықтай жұмылып, ел-жұртының жанынан табылуда. Арыстағы ауыр күндерде алғы шепте жүрген олар төтенше жағдай кезінде де белсенді қызмет атқарды. Енді міне, Түркістан өңірінде топан су зардабын шеккен ағайындарға көмек қолын созып, жақсы істердің басы-қасында жүр.
Тарих • 19 Мамыр, 2020
Азаттық жолындағы арпалыс – Иса-Досан көтерілісі
«...Ол көтеріліс патша үкіметінің бір жарым ғасыр әзірленген Каспийден арғы аймақтарды жаулап алудың кең қарымды жорығына ең бірінші болып қарсылық көрсетті. Тек Қазақстанның ғана емес, іргедегі Хиуаның, күллі Орта Азияның отарлануына бөгесін болғысы келді. Қазақ даласындағы барлық көтерілістің ішінде бұл көтерілісті басып-жаншуға патшалы Ресей ерекше көп күш салды. Күллі Кавказдан, Еділ бойынан әкеліп әскерлер төкті. Қуатты империяны соншама дүрліктірген бұл оқиға мен оның орталық тұлғалары, әрине жаңа тарихи санамызда айрықша мазмұнға ие болмақ». Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ