Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1772 материал табылды

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

 ҚазМұнайГаз және Министрлік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қол қойды.  

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Маңғыстауда медиация күні өтті

Маңғыстау облыстық «Достық» үйінде өткен «Ашық есік» күні аясында тұрғындарға кәсіби медиаторлардан тегін кеңес алуға мүмкіндік туды. Аталмыш іс-шараға облыстық сот, медиация орталықтары және облыстық Ассамблея құрылымдарының өкілдері қатысты.  

Қоғам • 05 Тамыз, 2019

Үш жүзден астам қазақстандық әскери ұшқыш болуды армандайды

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты талапкерлерді іріктеуде. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам жас жігіттер Қазақстанның күш құрылымдарының әскери авиациясына дайындық жүргізетін Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орнына түсуге өтініш білдірді. Бұл туралы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 05 Тамыз, 2019

Қазақстандық десантшылар Псков қаласындағы 6 рота ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Халықаралық армиялық ойындарға қатысып жатқан қазақстандық «Десанттық взвод» командасы 6 парашюттік-десантшылар ротасының құрамында мерт болған 84 жауынгерлік ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2019

Түзету мекемелерінің жеке құрамымен жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

Ақтау қалалық «ГМ-172/10» мекемесінің жеке құрамына жемқорлыққа қарсы түсіндірме шаралары өткізілді.

Аймақтар • 01 Тамыз, 2019

Маңғыстауда жыл басынан бері 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген

 Маңғыстауда жыл басынан бері 120 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 10 адам суға кеткен.

Қоғам • 01 Тамыз, 2019

Отандық дизайнерлер арасында «Алтын оймақ» байқауы өтеді

Биыл «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен елімізде алғаш рет отандық дизайнерлер арасында «Алтын оймақ» байқауы өтеді. Мақсат – отандық дизайнерлерге және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Сондай-ақ қолөнер шеберлерінің есімін елге таныту. Маңғыстаудан айтулы байқауға қатысуға өтінім берген 19 ісмердің бірі – Әлия Алхабаева.

Аймақтар • 31 Шілде, 2019

Қазақстандық әскерилер «Десанттық взвод» конкурсының бірінші кезеңіне дайындықтарын бастап кетті

Халықаралық армиялық ойындардың шеңберінде, қазақстандық десантшылар Ресейдің Псков облысындағы әуе-десанттық комплексте секіру алдындағы дайындығын жүргізуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Қоғам • 31 Шілде, 2019

Маңғыстаудағы арнайы операция қылмыскерлерді құрыққа түсірді

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда.

Қазақстан • 30 Шілде, 2019

ҚазМұнайГаз, Энергетика министрлігі және Тоталь ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және «Тоталь Э энд П Қазақстан» компаниясы мұнай-газ кешенінде цифрландыру саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Лё Мэрдің Қазақстан Республикасына сапары аясында қол қойылды.