Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1292 материал табылды

Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2019

Даму бағыты айқын

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің активі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық бас­қармалар мен департамент басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, кәсіпорындар мен мекемелердің, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетек­шілері қатысты.

Руханият • 23 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері Әсел Мәмбе­товамен кездесті

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайрат­кері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Әсел Мәмбе­товамен кездесті.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019

Оралда 4 велосипед ұрлаған ұры ұсталды

Орал қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері велосипед ұрлығы бойынша 4 эпизодқа қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Батыс Қазақстан Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2019

Орал қаласында Абай оқулары өтті

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жоғары оқу орындары студенттері арасында облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті.

Руханият • 21 Қыркүйек, 2019

Оралда ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдық мерейтойы тойланды

Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Өлең-өмір» атты шығармашылық кеші өтті.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Ресей туристік ақпараттық ұйымдарының съезіне оралдықтар қатысуда

Ресей Федерациясының Воронеж қаласында туристік ақпараттық ұйымдардың Бүкілресейлік ІІ съезі өтуде. «Мұндай басқосулардың жергілікті туризмді дамытуға тигізетін көмегі өте зор» дейді жиынға Қазақстаннан барып қатысқан оралдық «TourWestKaz» мекемесінің жетекшісі, белгілі өлкетанушы Айболат Құрымбаев.

Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019

БҚО студенттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әсел Мәмбетовамен кездесті

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Әсел Мәмбетовамен кездесті.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Батыс Қазақстанда «Бақытты отбасы» көбейеді

Батыс Қазақстан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы тұрғын үй несиелері беріле бастады.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

БҚО-да пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылады

Елімізде ірі жер иеленушілердің, жерді мақсатты пайдаланбай отырған латифундистердің аты-жөнін көпшілікке жария ету туралы ұсыныс бұған дейін де айтылып қалатын. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев берілген жерді пайдаланбай, не мемлекет меншігіне қайтармай отырған тұлғалардың аты-жөнін БАҚ-та жариялауды тапсырды.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Оралда есірткі қоймасы табылды

Орал қаласына қарасты Зачаганск кентінде «Восход» гараж кооперативіндегі гараждардың бірінен есірткі өсімдігін өсіріп, сақтауға арналған жертөле табылған. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.