Тәрбие • 28 Ақпан, 2024
Алматыдағы №51 бөбекжай балабақшасы тәрбиеленушілерінің топтағы баланы жабылып ұрған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, жаға ұстатты. Орын алған жағдайға байланысты қалалық білім басқармасы тәрбиешінің қатаң сөгіс алып, меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады. «Ұлымызды балалар бес минуттай аяусыз соққыға жыққан. Балалар ол кезде тәрбиешінің қарауынсыз қалған. Баламыздың миы шайқалған, қазір ауруханада жатыр. Бейнежазбаны көргелі бері есімізді жия алмай жүрміз. Тәрбиеші баланың соққыға жығылғанын бірден байқамаған», деп мәлімдеген ата-ана балалардың осыншама қатыгездігіне қапалы.
Маман • 27 Ақпан, 2024
Көлік құрастыру саласына бейінді мамандар даярланады
Көлік құрастыру өндірісінде импортқа тәуелділікті азайту мақсатында отандық өндірушілерді қолдау, бәсекелестікті арттыруға байланысты ілкімді қадамдар іске асып келеді. Алайда көлік құрастыру саласында білікті кадрлар жетіспейді.
Университет • 26 Ақпан, 2024
ҚазҰУ-да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Digital Farabi халықаралық форумы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 26 Ақпан, 2024
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Ұлттық құрылтай, Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңес, сондай-ақ жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары арасынан іріктелген көшбасшы ғалымдар ғылымды дамытумен қатар сараптамалық-зерттеу қызметін жүзеге асырады.
Қоғам • 25 Ақпан, 2024
Еліміздегі математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері, PhD Қанат Төленов былтырдан бері Бельгияның Гент қаласындағы Гент университетінде математика саласын зерттеумен айналысып жүр. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің постдокторантурасында білім алып, 2017-2018 жылдары Аустралияның Сидней қаласындағы Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінде «Болашақ» бағдарламасымен бір жыл тағылымдамадан өткен. Сондай-ақ талантты жас 2019 жылы Қазақ ұлттық университетінің « Жас ғалым» аталымының игері болса, 2021 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанған.
Ғылым • 24 Ақпан, 2024
Digital Farabi II форумы: Студенттер мен оқушылар инновациялық жобаларын таныстырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай Digital Farabi II халықаралық форумы өтті. Форумға қатысушылармен қашықтықпен байланысқа шыққан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллектінің кәсіби қызметке сандық және сапалық әсерін талдайтын «ЖИ басқаратын автоматтандырылған әлемдегі кеңейтілген жұмыс» бойынша IBM есебінің деректерін ұсынды.
Басылым • 22 Ақпан, 2024
Балалар басылымы оқуға ынталандырады
Алматыда халықаралық кітап сыйлау күніне орай Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шығармашыл интеллигенция – Қазақстан балаларына» тақырыбында республикада жарық көретін балаларға арналған газет-журналдардың редакторларымен кездесу өтті.
Ғылым • 21 Ақпан, 2024
Сапасыз көмір де кәдеге жарайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары төменгі сұрыпты көмірден биотыңайтқыш алды. Қазақ – неміс – қытай халықаралық қолданбалы микробиология ғылыми зертханасының мамандары іске асырған жобаның ерекшелігі – тұзданған топырақты қалпына келтіру мен сапасыз көмірді кәдеге жарату.
Ғылым • 20 Ақпан, 2024
ҚазҰУ ғалымдары ақылды балдақ құрастырды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті Ерзат Мырзахан қарттарға арналған ақылды және көпфункционалды балдақ құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Зорлық-зомбылықсыз қоғам және балалар
Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылығы жоқ қоғам» жобасы таныстырылды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында балалар суреттерінің республикалық байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Вена және Алматы қалаларында өтетін көрмеге қойылады.