Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
140 материал табылды

Алматы • 24 Қаңтар, 2024

Аграрлық университет студенттері Ташкентке оқуға барады

Қазақстан мен Өзбекстан оқу орындарының келісімі аясында биыл ақпан айында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бірінші курс студенттері Ташкентке оқуға барады.

Сұхбат • 16 Қаңтар, 2024

Аймақтық ерекшелік ескерілгені жөн

Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Бұл ретте ел Пре­зиденті алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайыз­ға жеткізуді тапсырды. Осы орайда ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Еркін ҚАСЫМОВПЕН әңгімелескен едік.

Алматы • 08 Қаңтар, 2024

Жайлы жатақхана

Қазақ-Британ техникалық университетінде жатақхана және спорт кешені ашылды. Тоғыз қабатты жатақханада студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай қарастырылса, шамамен 200 орынға арналған үш қабатты спорт кешенінде үстел теннисі, бокс, күрес, футзал, волейбол, баскетбол, гандбол және басқа да спорт түрлері, бұған қоса хореография сабақтарын өткізуге арналған жаттығу залдары жұмыс істейді.

Алматы • 27 Желтоқсан, 2023

Жатақхана мен стадион – студенттер игілігінде

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде күрделі жөндеуден өткен №3 студенттік жатақхана мен оқу орнының аумағындағы орталық стадион пайдалануға берілді. Бүгінде білім ордасы өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен Алматыдағы бірден-бір оқу орны атанып отыр.

Алматы • 25 Желтоқсан, 2023

Ясауи мұрасын ұлықтауға арналған конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және түркі халықтарының рухани әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды іс-шараны ҚазҰУ мен Халықаралық түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырды.

Тарих • 15 Желтоқсан, 2023

Азаттық жолында

Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қилы-қилы тағ­дырды басынан ке­шірді. Азаттық жолында хал­қы­мыз­дың қаншама перзенті жанын қиды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұла­ма» тарихта ұлы қасі­рет болып жазылса, Ресей пат­ша­лығының озбыр сая­саты қазақ даласында ер­кін­дікке ұмтылған ұлт­тың қар­сылығына ұласты.

Алматы • 13 Желтоқсан, 2023

«Qazaq universiteti» газетіне 75 жыл

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиетінің 90 жылдығы қарсаңында «Qazaq universiteti» газетінің 75 жылдығына арналған «Media University» студенттік сapstone өтті.

Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023

Профессор атындағы дәрісхана

Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінде фило­ло­гия ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Орал­бай­­қызының туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» тақырыбында рес­публикалық дөңгелек үстел өтіп, профессордың атында дәрісхана ашылды. Іс-шара Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Мәселе • 11 Желтоқсан, 2023

Хостел пана болмайды студентке

Алматыда хостелде болған өрт қоғамда орын алып отырған бірқатар мәселенің бетін ашып берді. Осы орайда сарапшылар, әсіресе студент жастарды баспанамен қамтудың бақылаудан шығып кеткенін алға тартып отыр. Жаңа оқу жылы басталған кездегі науқаншылдықтың қарқыны басылды. Бірақ жоғары оқу орындары, колледждер өз студенттерінің мекенжайы, әлеуметтік жағдайынан мүлдем бейхабар. Жатақханаға қолы жетпегендердің көпшілігі хостелдер мен бағасы қымбат жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр.

Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023

Түркі дүниесіндегі заңғар жазушы

Алматыда республикалық Достық үйі, «Мурас» қырғыз этно­мәдени бірлестігі, Қазақстан Жазушылар одағы заңғар жазушы, қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына­ орай «Әуезов және Айтматов: қырғыз-қазақ руханиятының алтын діңгектері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.