Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Өңірдегі қарғын су қауіп тудырған аймақтарда 700-ге жуық полиция қызметкері тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүр.
Мәселе • 03 Сәуір, 2024
Үлгіліктердің үміті ақтала ма?
Бір жұтым ауызсуға зар болып отырған Үлгі аулының тұрғындарының өкпесі қара қазандай. Үміт отын тұтатқан жоба аяқсыз қалып, қыруар қаржы құмға сіңген судай зым-зия.
Дін • 02 Сәуір, 2024
Елдес ағайынның кенже ұлы өмірден озыпты. Тепсе темір үзетін шағы. Отызға да толмаған. Дауасыз дерт көрінеді. Кейінгі кезде жаман ауру жиілеп кетті. Жаманат хабар жетсе, жұрт атын айтуға жасқанып, «сол емес пе екен?» деп сұрайды. Күдік шынға айналып жатады.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағындағы айтып келген апаттың алапат ызғары бет қаратпай тұр. Осындай шақта жанашыр жандардың қамқорлығын көріп, сезіне білу де ертеңге деген сенімді еселей түседі екен.
Өндіріс • 01 Сәуір, 2024
Щучинск қаласындағы өнеркәсіптік сүзгілерді шығаратын «Азияфильтр» кәсіпорнының өнімдері сұранысқа ие. Себебі елімізде дәл мұндай кәсіпорын әзірге жоқ.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2024
Биыл қар қалың түсті. Күннің күрт жылынуы себепті қызыл судың қаупі еселей артып отыр. Әзірге қырдағы қалың қардың мұрты бұзылған жоқ.
Қылмыс • 31 Наурыз, 2024
Мал сүмесімен күн көрген малсақ қауым қатал қыстың тезіне әзер шыдап, әупірімдеп шықты. Қыс ішінде жаңбыр жауып, онсыз да тар, жүдеу жайылымдағы өліқауға аузы жетпеген жылқы жарықтықта шығын көп. «Жығылғанға – жұдырық» дегендей, біреудің ақ адал малын оңай олжа көретіндер қатары сиремей тұр.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Көкшетауда қауіп сейілер емес
Көкшетау қаласын қақ жарып өтетін Қылшақты өзені қар күрт ерігендіктен арнасынан асып кетіп, жағалауға жақын орналасқан бірнеше жер үй мен ғимараттарды, көп қабатты үйлерді су басып қалды.
Оқиға • 29 Наурыз, 2024
Аяқ астынан шетін бір шаруаның ыңғайымен такси шақыруға тура келген. Көзді ашып-жұмғанша жетіп келді. Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз болып жатқан көксалпақ уақыт. Аяқ астындағы шыныдай жалтыраған көк мұздан қорғалап таяқтастам жердегі таксиге жете алсамшы. Жүргізуші – елулер шамасындағы қазақтың жігіті. Кешіктіргеніме ренжімесін деп көңілін аулап жатырмын. Тіл қатқан жоқ. Қолындағы телефонға жазылған мен тапсырыс берген мекенжайды көрсетті. «Жүрейік пе?» деп ымдады. Бас шұлғыдым. Көлігі тап-таза екен, ұқыпты қолдың табы анық байқалып тұр. Ісіне мығым, тындырымды жанның бірі болғаны да.
Құтқарушы • 28 Наурыз, 2024
Ымырт үйіріліп, көз байланып бара жатқан шақ еді. Аға лейтенант Руслан Кравцуновтың телефоны шыр ете түсті. Беймезгіл уақытта соғылған телефоннан жеткен ақпаратқа қарағанда әлдебір қала тұрғыны етжақын туысы, жасы жер ортасынан асқан ағайынының хабарсыз кеткенінен күдіктеніп, пәтеріне барғанымен, есігінен ене алмай тұр екен. Дірілдеп шыққан дауысы ішкі жан сезімін ұқтырып тұрғандай.