Дәстүр • 18 Сәуір, 2024
Әне бір жылы курстас дос Қайраттың келе қалғаны. Сырымбеттің етегіндегі елде аз ғана шаруасы бар екен. Алыстан ат арытып келген соң өтінішін жерге тастай алмадық. Көгілдір көктем еді. Жол ұзақ. Қос қапталда етек-жеңі кең пішілген, малды, жанды ауылдар бірінен соң бірі сынаптай сырғанап қалып бара жатыр.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
Кішкентай, пысық қоңыр қошақан сүп-сүйкімді екен. Өзі қолдан-қолға тұрмайды. Есік алдындағы дөңнің үстінде асыр салып ойнады. Бес жасар Бексұлтанды қуалап жүр. Қала баласы қошақанды тұңғыш көріп тұрғандықтан, әуелі жанына баруға жүрексінгенімен, бірте-бірте еті үйреніп, маңдайынан, жон арқасынан аялы алақанымен сипап, еркелетеді. Қошақан да баланың ниетін ұққандай айналсоқтап жанынан шығар емес.
Су тасқыны • 16 Сәуір, 2024
Дәл осылай түйін жасауымыздың өз себебі бар. Бұланды ауданындағы Иванковка бөгетінің қаусап тұрғанын өткен күздің орта шенінде жазып, мәселе көтерген едік. Әттең, айтылған сөзге құлақ асқан ешкім болған жоқ.
Оқиға • 16 Сәуір, 2024
Үш-төрт жыл бұрын, желтоқсанның жуан ортасында ауылға ат ізін салғанбыз. Мақсат – жылдық азық соғым әкелу. Атадан қалған төл малдың ішінде оң жақ жамбасында бұршақ таңбасы бар торы құнан бар еді. Алдын ала хабарланған жылқышы табынды қотанға иіріпті. Жалғыз мен ғана емес, ауылда жылқы ұстайтын ағайынның бәрі соғым қамында.
Өндіріс • 12 Сәуір, 2024
Халықтың қажетіне жараған қазандық
Щучинск қаласындағы «Азиякотломаш» серіктестігі шығарып келе жатқан бу және су жылыту қазандықтары айрықша сұранысқа ие. Кәсіпорын төл тарихында бірнеше мәрте қайта құруды, жаңғыруды бастан өткергенімен, жұмыс ауқымы кеміген жоқ. Олар қазандықтың 120-дан аса түрін шығарады. Қажетінше арнайы тапсырыс бойынша да дайындап бере алады.
Шаруашылық • 10 Сәуір, 2024
Өткен жаз жер емшегін емген диқан қауымға оң қабақ танытпады. Оң қабақ тұрмақ, оңдырмай қырына алған. Жаз бойы аспаннан нәр тамбады. Есесіне қоңыр күзде қара жауын бір тоқтамай төпеледі-ай дейсің келіп. Шала піскен, ылғалы мол астықтың дені бесінші класты болып қалды.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Бурабай баурайындағы нағашым телефон шалған. Айырылу асына шақырмақ. Әуелі ұқпай қалғанбыз. Көптен бері Бурабайдың шығыс жақ беткейін мекен еткен көнекөз қария Щучинск қаласына қоныс аудармақшы. Айырылу асы туралы сұрадық. Бұрын-соңды естіп көрмеген сөз. Нағашым кеңкілдеп күліп алды. «Жұртқа мән үйретіп жазғанда сондайсың?» деп бір тоқтады. Айтуына қарағанда, қырық жылға жуық тонның ішкі бауындай араласқан ауылдастарына ас беріп, ризашылығын айтып барып қоныс аудармақ. Ескінің рәсімі.
Жәдігер • 09 Сәуір, 2024
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, заманында Көкшетау округінің аға сұлтаны болған Шыңғыс киген шапан тарихтан сыр шертеді.
Оқиға • 08 Сәуір, 2024
Орталық әмбебап дүкенінің алдындағы, аумағы атшаптырым автотұрақта жолсерігімізді тосып тұр едік. Қолында шағын шелегі, сұйық сабыны, сулы шүберегі бар он бір-он екі жасар жеткіншек келіп, көлігімнің терезесін қақты. Айтпаса да біліп тұр едім. Өткен күзде, өңмеңіңнен өтер қара суықта көріп едім. Сол бала ма, әлде басқа ма, анық айыра алмадым. Әйтеуір, тұраққа келіп тізгін тартқан көліктердің автошамын жуып жүрген.
Құтқарушы • 04 Сәуір, 2024
Тасыған су талай малды құрбан еткенін естіп-біліп отырмыз. Осындай оқиға Ақмола өңірінде де тіркелді. Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе аулында ақмолалық құтқарушылар 6 түйені судан құтқарды.