Аймақтар • 18 Қазан, 2024
Облыс орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына арналған конференция өтті.
Тағзым • 18 Қазан, 2024
«Көкшенің көк семсері Көкен ақын»
Қазақстанның халық ақыны, Қазақстан ақын-жыршылар одағының тұңғыш президенті Көкен Шәкеевтің туғанына 100 жыл толуына орай туған жері Көкше өңірінде кеңінен аталып өтілуде. Мазмұны мол мерейтой «Көкен Шәкейұлы: айтыстағы алтын көпір» атты көлемді ғылыми-танымдық конференциядан бастау алды.
Кәсіпкер • 16 Қазан, 2024
Ербол Бекмұратов – Зеренді ауданына қарасты Еленовка селосына Өзбекстаннан қоныс аударған қандастардың бірі. Отбасындағы алты баланы асыраймын деп істемеген кәсібі жоқ. Құрылысшы да болған, мал да баққан, жолаушы да тасымалдап көрген. Жаңалыққа жаны құмар жас жігіт осыдан екі жыл бұрын ауыл тұрғындары үшін біршама таңсық кәсіп – балмұздақ шығаруды қолға алыпты.
Тағзым • 16 Қазан, 2024
Ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған Көкшетауда арқалы айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің шырайлы шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімі Марат Ахметжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сөз қадірін білетін зиялы қауым қатысты.
Талбесік • 12 Қазан, 2024
Облыс орталығының оңтүстік бүйіріндегі коттедждер қалашығы тоқшылықтың исі бұрқырап тұрған жер. Зәуі бір себеппен ат басын бұрғанбыз. Ежелгі таныс Ермекбайдың шаңырағы осы жерде. Ермекбай қазір төрт құбыласы теңелген, жаңа қазақтың санатында. Үйінде екен. Аумағы ат шаптырым ауласында ине-жіптен жаңа шыққан спорт костюмін киіп, қыдырыстап жүр. Кең ауланың бір бұрышында әдемілеп сырланған, кәдімгі үй салатын жуан қарағайлардан бұралған, төбесі шатырланған иттің үйшігіне беттей берді. Көлеңкеде жатқан тазы көрінген. Күдіс бел, кең омыраулы, жуан сіңірлі итім-ақ екен.
Шаруашылық • 11 Қазан, 2024
Өңір диқандары 6 млн тоннадан аса астық жинады. Тәуелсіздік жылдары мұндай мол астық тек 2011 жылы ғана шыққан еді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2024
«Ауылдың көркі азаматынан» дейтін сөздің жаттанды болса да жаны бар. Қызылжар ауылының дамуына 2,6 млрд теңге қаражат бағытталып, көп-көрім көркейіп қалды.
Ауыл • 10 Қазан, 2024
Ауыл медицинасы жақсарып келеді
Өңірде денсаулық сақтау саласының 561 мекемесі бар. Саланың ахуалын жақсарту барысында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде ауылдық жердегі медицина мекемелерін жаңғыртуға, кадрмен қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлініп отыр.
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Кең көшені бойлай көлікпен жүріп келе жатырмыз. Бейтаныс ауылда ат байлар жердің бағытын білмей пұшайман болдық. Жөн білер біреу жолықса жол сұрамақшымыз. Көз байланып келе жатқан уақыт еді. Баяғыда ғой, ел ішінде мұндай уақытта адам аяғы басыла қоймайтын. Біреу шөп тасып, біреу қысқы отынын қамдап абыр-сабыр болып жатушы еді. Қазір көлденең жүргінші кезіге қоймайды екен.
Еңбек • 09 Қазан, 2024
Ақкөл ауданындағы Новорыбинка селолық округіндегі «Агрофирма халық жері» серіктестігі бизон әкеліп бағып жатыр деген хабарды естігенде таң қалғанымыз рас. Сөйтсек, бизон бағумен бірге бірқыдыру игілікті іс қолға алыныпты.