
Тәрбие • 15 Наурыз, 2025
Баланы имандылыққа кім баулиды?
Рамазан айы туғалы тілектес, ниеттес ағайын ауызашарға шақырады. Кезекті дастарқан аудан орталығындағы мешіттің асханасында жайылған. Ауызашарға жиналған жұрттың дені егде адамдар.
Еңбек • 14 Наурыз, 2025
Өскелең ұрпақты адал еңбекке тәрбиелеу – талайды толғандырған түйткілді мәселе. Жас толқынға жақсы мысал болар деген үмітпен бір әулетте өсіп-өнген ағайынды механизаторлар туралы сыр шертудің реті келіп тұр.
Өндіріс • 13 Наурыз, 2025
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 2024 жылы өңірге 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді. Бір қолын екі ете алмай отырған малсақ қауымды қолтығынан демеп, алға бастыратын көп-көрім демеу. Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының дерегіне қарағанда, ауыл тұрғындарының кірісін көбейтіп, қара қазанын майлау үшін республикалық бюджеттен жоғарыда аталғандай қаражат бөлінген. Қазірде «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1 931,7 млн теңгені құрайтын 220 өтінім түскен. Оның 1 161,2 млн теңгелік 128 өтінімі мал шаруашылығын дамытуға ұсынылған екен. Несие комитеті 131 өтінімді мақұлдаған. 29 ақмолалықтың қолына қаражат тиіп, ілкімді ісін бастап кеткен.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2025
Даланың дидары жіпсіп, тау-теңіз қар күрт еріген кезде қауіптің көбейетіндігі белгілі. Сын сағатта тиянақты дайындық жасаған жер ғана айтып келетін апаттың алдын ала алады.
Өндіріс • 01 Наурыз, 2025
Қаптама өндірісінің көшбасшысы
Көкшетаудағы полимерлік қаптама өндірумен айналысатын «Новопэк кәсіпорны 1 200-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндірісте бастапқы полимерлік шикізат және сапалы шетелдік қоспалар пайдаланылады. Толық циклді өндіріс ошағы ретінде кез келген сусымалы жүкке арналған қаптардың бірнеше түрін өндіреді.
Парламент • 27 Ақпан, 2025
Көкшетауда тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Сертификат баспана кезегінде тұрған адамдарға арналған. Мемлекеттік демеуге 4 санат бойынша кезекте тұрғандар қатыса алады. Қазір 14 азаматтың есеп-шотына алғашқы жарна аударылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2025
Ақмола облысы биыл 285 қандасты қарсы алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 25 Ақпан, 2025
Аграрлы аймақта биыл тауарлы сүт көлемі 40 мың тоннаға көбейіп, жалпы өнім көлемі 1,5 есе артпақ. Ойға алған істің орындалуына алты мың бас сиырға шақталған 7 бірдей ірі тауарлы сүт фермасының іске қосылуы септігін тигізбек.
Жастар • 22 Ақпан, 2025
Көкшетаулық Әмина Рахымбергенова Сан-Франциско қаласындағы «Minerva» университетінде білім алады. Қазірдің өзінде ІТ саласында бірнеше жаңалық ашқан өнертапқыш. Бірнеше халықаралық байқауға қатысып, жеңімпаз болды. Батыстың атағынан ат үркетін ірі компанияларында жұмыс та істеп үлгерді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан сулы, нулы өңірде ауызсу мәселесі әлі де түбегейлі шешімін таппай келеді. Өңірдегі 788 396 адам тұратын 604 елді мекеннің 393-і ауызсуды су құбыры арқылы пайдаланады. 193 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылмаған суды қанағат тұтады.