Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1777 материал табылды

Су тасқыны • 08 Сәуір, 2025

Тасқын судың әлегі

Көктем жылдағыдай қарбаласты ала келді. Өңірдің Атбасар, Бұланды, Астрахан, Шортанды тәрізді бірқатар аудандарда қызылсу жүріп, кәдімгідей қауіп төндіріп тұр. Адам өмірі үзілген қайғылы оқиға да болды.

Мәселе • 04 Сәуір, 2025

Тұқымбақтың тағдыры толғандырады

Жарты ғасырдан ас­там уақыт бойы солтүстік аймақтағы айдын шал­қарды балық балан­құр­тымен еселей толтырып келе жатқан «Зеренді балық шаруашылығы кәсіп­орны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тұқым­бағының ертеңі табиғат жанашырларын елеңдетіп отыр.

Қоғам • 28 Наурыз, 2025

Ел болатын жиен

Облыс орталығының байырғы тұрғыны Надежда Грошикова қазақтың тілін оқып үйреніп, салт-дәстүрін меңгеріп ­жатыр.

Туризм • 28 Наурыз, 2025

Келіп қайт Көкше төріне!

Бурабай баурайында өткен IV Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі туризм аясын кеңейту туралы айта келіп, «Облыстың орасан зор туристік әлеуеті Щучинск–Бурабай аумағымен ғана шектелмейді. Демалыс аймағы ретінде мүмкіндігі мол Зеренді, Сандықтау, Ақкөл және басқа да жерлерді жан-жақты дамыту қажет» деген болатын. Құнарлы өлкенің бар мүмкіндігін сарқа пайдалану міндеті жүктеліп отыр.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2025

Егде адамдарға елеулі қамқорлық жасалды

Көкшетау қаласында егде адамдарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды.

Байқау • 22 Наурыз, 2025

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек...

Наурыз мейрамы қарсаңында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында қазіргі сән үлгісіндегі ұлттық киімдер көрсетіліміне арналған «Ұлттық киімдер – халық қазынасы» атты байқау өтті.

Талбесік • 21 Наурыз, 2025

Ағаш егуге дайындық

Орман – еліміздің баға жетпес байлығы. Қолда бардың қадіріне жетіп, сол табиғи байлықтың айдай сұлу ажарына кіреуке түсірмей, әр жыл сайын көшет егіп, молайту міндет. Келер ұрпаққа қалар сыбаға да осы.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2025

Қосшыда комьюнити-орталығы ашылды

Наурыз мерекесі  қарсаңында ақ түйенің қарны жарылған әдемі оқиға орын алды. Қосшы қаласында еліміздегі ең алғашқы көпсалалы комьюнити-орталық – халықаралық стандарттарға сай салынған ауқымды мәдени-спорттық кешені ашылды.

Таным • 20 Наурыз, 2025

Немеренің қолқасы

Наурыз мерекесі жақындағалы ел іші қауырт күйге ен­ген. Кеше ортаншы немерем WhatsApp арқы­лы хат жол­дап­ты. Түйгенім, мектепте өте­тін Наурыз тойы­на киіп баратын ұлттық киім керек екен. Өзі бұйым­та­­йын­­ ­жиі айтады. Атасын шынымен жақсы көре ме, әлде әке-шеше­сі үйінде «атаңнан сұра» деп үйретіп оты­ра ма, ол жағы белгісіз. Әйтеуір, бір жақсысы өті­нішін ата­ деп бастайды. Ата деген сөзге ішің уыл­жып кетпей ме, аспандағы айдан басқаның бәрін әперу­ге бейімсің.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2025

Тасқынның алдын алуға қамданыс

Көкшеге көктем келіп, жер-ана бусанып, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз болып жатыр. Жыл сайын қайталана­тын көк­темгі тасқын судан зәрезап болған елді мекендердің тұрғындары биыл да қобалжып отыр. Дегенмен әзірлік туралы әңгіме қуатты тәрізді.