Жастар • 20 Маусым, 2023
Ерікті болу ермек те, ерлік те емес. Қысылғанға қолұшын созу – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Ынталы жүректен шыққан титтей ықыласты іс үлкен түйткілдердің түйінін тарқатуы мүмкін. Өйткені жан баласына жақсылық жасау үшін асып-тасқан дәулеттің де қажеті шамалы, сәл ғана мейірім болса жеткілікті.
Жануарлар • 15 Маусым, 2023
Биыл ел аумағындағы ең үлкен зообақ саналатын Алматы хайуанаттар бағында ерекше жаңалық көп. Мәселен, биыл бегемот төлдеді. Бұл соңғы 18 жылда болмаған жайт. Сондай-ақ хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет шығыс колобусынан төл алынғаны да – маңызды оқиғаның бірі.
Қоғам • 12 Маусым, 2023
Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына жиналған зиялы қауым бедерлі жылдар белесінде ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетіне тоқталып, жақын-жуығына көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар аймақтың әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, басқа да салалардың өкілдері қатысты.
Саясат • 04 Мамыр, 2023
Визасыз режімнен ұтарымыз бар ма?
Қазақстан мен Қытай азаматтарының бір елден бір елге уақытша визасыз барыс-келіс орнатуына байланысты қоғамда қызу пікірталас жүріп жатыр. Көршілес елдердің сауда-экономикалық әлеуеті мен туристік қарым-қатынасын саяси һәм мәдени ынтымақтастығын арттыруға бағытталған жоба туралы мамандар не дейді?
Алматы • 26 Сәуір, 2023
Алматыда заңсыз берілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару ісі жалғасып жатыр. Дегенмен әлдекімдердің иелігіне дүдәмал күйде өтіп кеткен шұрайлы орындардың айналасында даулы мәселе әлі де аз емес. Құзырлы орындар ай сайын шикіліктің шетін шығарып, жерді бөлу кезінде лауазымды тұлғалар тарапынан жіберілген заңға қайшы әрекеттерді әшкерелей бастады.
Отбасы • 26 Сәуір, 2023
Зорлықтың зардабы ұлттық комиссияның отырысында талқыланды
Алматы қаласында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыспен күрес тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Алматы • 20 Сәуір, 2023
Қазақстан кез келген қатыгездік пен азаптауға қарсы. Елімізде азаптау үшін қылмыстық жауаптылық күшейтіліп, Мемлекет басшысы мұны биылдан бастап тек прокурорлардың тергеп-тексеруін тапсырды. Алматыда өткен «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар және озық тәжірибе» атты халықаралық конференцияда осы және өзге де мәселелер сараланды.
Жастар • 17 Сәуір, 2023
«Талаптың оты арындап» тұрған шағында жастардың білімге бет алып, табысқа талпынуы қандай жарасымды. Мектепте жүріп-ақ ғылыммен айналысуға ден қойған жас зияткер Динара Қалиханның толағай табыстары – замандастарына үздік үлгі. Білімді жанға барша игіліктің есігі ашық екенін балаң жасынан зердесіне тоқып өскен зерек қыз әлемнің 20-дан астам жетекші оқу орнына қалай шақырту алды?
Алматы • 17 Сәуір, 2023
Елімізде заңсыз иелікке өткен жер телімдерін халық игілігіне қайтару ісі жалғасып жатыр. Жақында Алматы облысының прокуроры Берік Адамовтың төрағалығымен жер заңнамасын сақтау мәселелері бойынша алқа отырысы өтіп, басқосуда жерді тиімді пайдалану мен заңсыз алынған жерлерді қайтару тақырыптары талқыланды. Нәтижесінде Алматы облысының аумағындағы заңсыз жекешеленген және пайдаланылмай жатқан бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алматы • 12 Сәуір, 2023
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза болған жауынгерлерді еске алу мақсатында «Ерлік – ерге мұра, ұрпаққа ұран» атты көрменің тұсауы кесілді.