Айрықша жобаға үн қосушылар соғысқа қатысқан туыстарының немесе әскери жылдардағы отбасылық мұрағаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялап, оларды қысқаша әңгімелермен немесе естеліктермен бірге ұсынуда.
«Алматылықтардың әрбір отбасы дерлік өз атасы мен әжесінің естелігін қастерлеп сақтайды – бұл қара-ақ фотосуреттер, сарғайған хаттар, жеке заттар болуы мүмкін. Біздің бейбіт күніміз үшін жанын қиған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері, Отанына адал болған жүздеген мың қазақстандықтардың жадында мәңгілікке қалады!» дейді ұйымдастырушылар.
Мәселен, әәлеуметтік желі қолданушыларының бірі Айжан Маратова атасының ағасы туралы әсерлі жазба қалдырған.
«Атамның ағасы Ленинградты жанкештілікпен қорғағандардың бірі болған. Соғыс жайлы сирек айтатын, көбіне үнсіз қалатын, ішкі жан-дүниесінде көп нәрсені жасырып жүретін. Жеңіс күні ол әрқашан сабырлы болатын. Бірақ бір жылы, бүкіл отбасымызбен қаза тапқандар ескерткішіне барғанда, оның ерні дірілдеп, көзінде жас жылтырап тұрғанын көрдім. Ол жай ғана былай деді: «Шынайы жеңіс – тек қалаларды азат етуде емес, фашизмді жеңуде емес. Жеңіс – халықтың бәрін бастан өткеріп, адамшылықтан айырылмай, аман қалғанында». Бұл сөздер мәңгі есімде қалды».
Әлеуметтік желілерде алматылықтар өздерінің ата-әжелерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларымен белсенді бөлісуде. Дәл осы жерде ерлікпен Отанын қорғаған атақты атқыштар дивизиялары құрылған болатын.
1942 жылдың 13 тамызында Алматыдан майданға аттанған 100-атқыштар бригадасы алғашқы ұлттық құрамалардың бірі болды.