Тұлға • 01 Қараша, 2023
Саналы ғұмырын қазақ фотожурналистикасының өрістеуіне арнаған Сайлау Пернебаевтың есімі өз замандастарының бүтін бір шежіресін жасаған айтулы шебер ретінде аталатыны анық. Қас-қағым сәтті мәңгілік тарихқа айналдырған майталман маманның өмірге келгеніне биыл 85 жыл толып отыр. Жуырда фотогердің «Ақ пен қара» деп аталған сирек суреттер мен ол жайында жазылған естеліктер топтастырылған жинағы жарық көрді. Әке мұрасын жұртшылыққа жеткізіп, жинақтың шығуына мұрындық болған ұлы Ербол Сайлауұлын және аталмыш еңбекті құрастырған шәкірті, белгілі фотожурналист Асылхан Әбдірайымұлын әңгімеге тартқан едік.
Руханият • 30 Қазан, 2023
Бала табиғатын танып, бүлдіршіндердің жүрек лүпілін дөп басатын бірден-бір басылым болса ол, шүбәсіз – қазақ балалар әдебиетінің атасы атанған көрнекті қаламгер Мұзафар Әлімбаев негізін қалаған «Балдырған» журналы. Мұзағаңның есімімен егіз аталатын журналдың жарық көргеніне биыл 65 жыл толса, басылымды 30 жылға жуық басқарып, руханият көгіне алып шыққан Мұзафар Әлімбаевтың ғасыр тойы. Осыған орай, Алматыдағы ұлттық кітапханада «Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған» журналы» атты ғылыми конференция өтіп, мазмұнды шара ән мен жыр асқақтаған рухани кешке ұласты.
Сұхбат • 23 Қазан, 2023
Рашида Харипова: «Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталатын күн»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 25 қазан Республика күні деп белгіленіп, еліміздің басты мерекесі ретінде қайта тойланып келеді. Осынау мерекенің мән-мазмұнын айшықтауға мәдени мекемелер жан-жақты атсалысып, айтулы датаның мемлекеттік деңгейде тойлануына өз салалары бойынша үлес қосып жатыр. Осы тұрғыда ұлттық құндылықтарымыздың ең бір маңызды жәдігерлері сақталған Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Рашида Хариповамен әңгімелескен едік.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Жайлы үй, жылы төсекте алаңсыз жатып, ымырт түссе, әр бұрышты сағалап пана іздеген қараусыз жанның кезбе ғұмыры туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Қоғамда сан қилы себеппен мұндай мүшкіл күйге түскендер аз емес. Бірі ерік-жігерін ішімдік пен есірткіге тәуелді етсе, бірі – туыстан таяныш таппай, ет жақындары теріс айналған тағдырлар.
Табиғат • 17 Қазан, 2023
Алатау алабы мен Жетісу жерін құландар ежелден мекен еткен деседі. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Алайда өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін құлансыз қалған құла дала жүздеген жылдар бойы құлазып жатты.
Қоғам • 17 Қазан, 2023
Алматыда Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогіне қатысушылар гендерлік теңдік, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткен іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Парламенттерінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Көрме • 15 Қазан, 2023
Жасанды интеллект жетістіктері
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Беларусьтың Plan B және FARBA галереяларымен бірлесіп «Жасанды интеллект: суретші немесе машина?» атты көрме есік ашты. Заманауи инновациялық көрме жаңа мүмкіндіктер дәуірінің озық жемісі дерсіз.
Жұмыс • 12 Қазан, 2023
Жұмыспен қамтуға арналған жоба
Алматы тұрғындарының 32 пайызы жастар. Біз айтып отырған 14 пен 35 жас аралығындағы 682 мыңнан астам азаматтың 421,6 мыңы жұмыс істейді, 277 мыңы – ЖОО мен колледж студенті (150 мыңға жуығы тіркелмеген), 81 мыңы – жоғары сынып оқушысы болса, 47,8 мыңы NEET санатындағы жастар.
Алматы • 11 Қазан, 2023
Израиль мен Палестина арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты бірқатар мемлекет ол елдерден өз азаматтарын эвакуациялап жатыр. Осы ретте «Air Astana» әуе компаниясы Тель-Авивтегі отандастарымызды Алматыға алып келу үшін арнайы рейс ұйымдастырғаны белгілі. Алматы уақытымен 23 сағат 45 минутта бортына 166 адам мінген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды.
Қоғам • 11 Қазан, 2023
«Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалы мен «Қазақ газеттері» ЖШС құрамындағы «Ана тілі» республикалық газеті оқырмандар арасында «Ана тілімізді ардақтайық!» атты бейнеролик байқауын ұйымдастырған болатын. Достық үйінде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.