Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Қазақстан • 13 Сәуір, 2020

Алып ұшақ Алматыға қонды

Әлемдегі  ең үлкен ұшақ Ан-225 «Мрия» туралы не білесіз? Ол бір мезетте 200 тонна жүк тасымалдай алады. Қанатының ұзындығы 88 метр. Күні кеше Украинадан Қытай еліне бағыт алған аспанның алып құсы Алматы әуежайына жанармай құю үшін қонды. 

Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Карантинге пысқырмайтын «ақылды таксистердің» әрекеті әшкере болды

Тұтас ел болып қауіпті індетпен күресіп жатқанда, бас пайдасын көксендердің тосын әрекеті әлі де тыйылмай тұр. Алматылық тәртіп сақшылары азаматтарды карантин аймағынан заңсыз шығарумен айналысқан такси жүргізушілерін анықтаған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2020

Алматы: 30 індет ошағында коронавирус қаупі сейілді

Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты төмендегі мекен-жайлардағы 30 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды.

Медицина • 12 Сәуір, 2020

Алматы: Жағдайы ауыр деп танылған екі науқас тәуір бола бастады

Алматыда ауыр жағдайда жатқан екі науқастың беті бері қарап, тәуір бола бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 12 Сәуір, 2020

Токио төріндегі бәсеке келер жылы да өтпеуі мүмкін бе?

Әлемдегі ахуалға байланысты биыл жазда өтуге тиіс төртжылдықтың басты бәсекесі 2021 жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, әлемдік спорт сарапшылары Токио төрінде алауы тұтанатын  Олимпия ойындары келер жылы да өтпей қалуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Күні кеше Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің директоры Тосиро Муто да бұл болжамды қуаттап, пікір білдірді.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Алматыдағы №12 аурухананың қос бөлімі карантинге жабылды

Алматыда қызметкерлері  коронавирус індетін жұқтырды деп танылған №12 орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды. Бұған дейін мекеменің 12 қызметкерінің инфекция жұқтырғаны анықталған болатын.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Алматының бас полицейі Call-орталықта кезекші

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов  карантинге байланысты құрылған жедел-желідекезекшілікте болды. Ол екі сағат ішінде 70-ке жуық тұрғынның сұрағына жауап берген.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Алматылық тәртіп сақшыларына қорғаныс костюмдері берілді

Бұл киімді бірінші кезекте Алматының карантиндіпериметрі бойындағы 27 бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерлері киеді.

Қоғам • 10 Сәуір, 2020

«Nur Otan» партиясы 4,5 мың алматылық жанұяға азық-түлік үлестірді

Бүгінгі күні «#BizBirgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы  4,5 мыңнан астам отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бұл туралы   партияның Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Станислав Канкуров  мәлімдеді.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Алматы: 23 472 азамат 50 мың теңге көлемінде көмек алады

Коронавирус пандемиясына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға арналған кешенді шаралар қолға алынғаны белгілі. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында онлайн брифинг өткізген  Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Станислав Канкуров  жұртшылыққа нақты қандай көмек көрсетіліп жатқанын баяндады.