«Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстаған бір жыл ішінде бұл мәселені басты бағдар ретінде нысанаға алды. Бұл ретте халық пен биліктің жақын болуы, шенеуніктердің ашықтығы, баспасөзге, шерулерге қатысты түрлі кедергілердің алынып тасталуы секілді бірқатар мәселелерді жекелей атауға болады.

Суретті түсірген Ерлан Омар, EQ
Әділдіктің үстемдік құруы, жемқорлықты жүгендеу, ысырапшылдыққа бой алдырмау, билік басындағы азаматтардың елмен етене жақын болуы Президенттің негізгі принциптеріне айналып отыр. Мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді талқыға салып, стратегиялық жобаларды саралауға, осыларға қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған Ұлттық сенім кеңесі құрылды. Мемлекет тағдырына байланысты айқындалған міндеттер мен бастамалардың жүйелі жүзеге асуын нақ осы кеңес шеңберінде дамыту қажеттігі баса негізге алынуда. Кеңестің үш бірдей отырысы өтті. Көкейде жүрген біраз дүние қаузалды. Әу баста қоғамда да, сараптамалық орталарда да күмән-күдік көп болды. Кеңес құрамына мүше болып енген азаматтардың көңілінде де секем болғаны рас. Себебі бұған дейін осыған ұқсас форматтағы көптеген жиындар көңілден шықпаған-ды. Басы жап-жақсы басталып, соңы құмға сіңген судай бос әңгіменің айналасынан ұзай алмаған, талай басы бар, аяғы жоқ басқосулар жұртшылықты күмәнді ойға жетелеген еді. Бұл тұрғыда жер туралы комиссия жұмысын, демократия мәселелері бойынша кеңес секілді діттеген межесіне жете алмаған бірқатар жобаны мысалға келтірсек жеткілікті.
Қалай дегенде де елімізде саяси транзит басталды. Көптеген оң өзгеріс байқалуда. Олай дейтінім, мемлекеттің саяси тұрақтылығына нұқсан келтіретіндей шиеленісті жағдайлар болған жоқ. Меніңше, мұның ең жағымды тұсы осы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде жасаған мәлімдемелері көпшіліктің ойында жүрген нақты проблемалардың тамырын тап басқандай көрінді. Микробизнесті салық пен қисынсыз тексерістен босату, мұғалімдердің жалақысын екі есеге дейін ұлғайту сынды әлеуметтік маңызды мәселелердің қамтылғаны дұрыс-ақ. Және ең бастысы, сөз бен істің арасында сабақтастық бар. Ендігі кезекте демократияға қатысты, биліктің халыққа жақын болуы тұрғысында, сайлаулардың әділ өтуі жөнінде, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартудың айналасындағы нақты қолға алынған шаралар нәтижесін берсе игі. Шын мәнінде мемлекеттің алдында үлкен міндеттер тұр. Шешімін күткен түйіндер де аз емес. Оны оңтайлы реттеу үшін тың талпыныс қажет. Қуантатын мәселе, қазір қоғам оянып келеді. Белсенділік арта түсті. Наразы топтар өз ойын ашық білдіре бастады. Ең бастысы, осы мақсат – бағдарларды мәмілемен еңсеру, өркениетті жолмен өзгерту, тұрақтылыққа нұқсан келтірмей алға басу қағидасы көзделіп отыр.
Халық пен билік арасындағы мәселелерді жолға қоюға тиіс Қоғамдық кеңес, тәуелсіз баспасөз, тәуелсіз сот сынды институттарға халықтың сенімін күшейте түсуі қажет. Халық пен билік арасына дәнекер бола алатын, шын мәнінде нақты көпір қызметін атқара алатын тірек керек. Осыны жіті түсінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұрт көңіліндегі сенімді қайтаратын алаң ретінде Ұлттық сенім кеңесін құру қадамына барғанын білеміз. Түйіндеп айтқанда Кеңестің мақсаты – қордаланған мәселелерді оңтайлы, бейбіт жолмен шешу, жұртшылықты татулық пен ынтымаққа ұйыстыру. Менің бағалауымда, Президенттің командасы Ұлттық кеңесті жай популизм үшін немесе әйтеуір жағдайды уақытша қалыпта ұстай тұрайық деген оймен емес, ел дамуына бастайтын нақты стратегиялық қадам ретінде ұстанып отыр.
Байкот жариялап, шет қалғанмен мәселе шешілмейді. «Ешқандай сенім жоқ, бәрі бекер, тек қана көшеге шығып митинг арқылы мәселені шешеміз» деу болашағы бұлыңғыр қате ұғым. Олай жалғаса берсе, мұның арты жақсылыққа апармайды. Бүкіләлемдік тәжірибеге шолу жасасақ, қантөгіс пен революция ешкімді ұшпаққа шығарған жоқ. Арандатушылар бар, айдап салушылар бар, осылардың сойылын соғып барымыздан айырылып қалмауымыз қажет. Дәл осы ұстанымдарды назарға ала отырып Кеңес құрамына мүшелікке ендік. Кеңеске кірген өзім секілді азаматтардың мақсаты да осы. Мейлінше осы Кеңестің құрамында жүріп ел тағдырына қатысты мәселелерге титтей де болса өз септігімізді тигізу. Негізгі ұстаным – «жоқтан бар жақсы». Билік елдегі проблемаларды өркениетті жолмен шешуге мүмкіндік тудыратын осындай алаң ұсынар болса, неге оны тиімді пайдаланбасқа. Биылғы 27 мамыр күні Кеңестің үшінші отырысы өтті. Ашық әңгіме, жақсы талқы болды. Мейлінше маңызды мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Әрине Ұлттық сенім кеңесі Парламент сияқты заң қабылдайтын, иә болмаса Үкімет мүшелерін шақырып алып сұрақ қоятын өкілеттілікке ие емес. Дегенмен Мемлекет басшысы бастап, қалың жұртшылық қостап отырған құрылымның болашағынан мол үміт күтуге болады деп сенемін.
Қоғам дамуын қалыптастыру, яғни әлі де ақсап жатқан салаларды аяққа тұрғызу үшін Президент кейбір салаларға түбегейлі реформа қажеттігін, бұл ретте азаматтық қоғамның пікір-тілегі, ұсынысы міндетті түрде ескерілуі керектігін айтып жүр.
Қай саланы алып қарасақ та шешімін күткен мәселе табылады. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, әлеуметтік, бюджеттік, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сынды негізгі салалардың бәріне тың серпіліс қажет. Тұрақтылықтың азаюы, наразылықтың көбеюі, шығынға бату, кәсіпорындардың жабылуы, қылмыс деңгейінің артуы қоғам дамуын тежейді. Солардың ішіндегі ең келелісі саяси реформа. Нағыз реформа жасайтын, қоғамды алға жетелейтін, өмірді өзгертетін ол – жастар. Бұл табиғаттың заңдылығы. Көптеген ел жастардың осы қасиетін жақсы бағалап, олардың әлеуетін ел дамуына тиімді пайдаланады. Әлемдік тәжірибеде өзінің жастарына жағдай жасаған мемлекеттер түбі кемелденеді. Жастарына білім беретін, бәсекелестікке жетелейтін, жұмыс орнымен қамтитын елдер тарихта кейін қалып көрген емес. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан Президенттік жастар кадрлық резерві жастарымыздың өз әлеуетін көрсетуі үшін зор мүмкіндік тудырып отыр. Ең алдымен жастарға әлеуметтік жағдай жасалуы керек. Статистикаға үңілсек, өзінің болашағын шет мемлекеттермен байланыстыратын жастардың дені артқан. Олардың басым көпшілігі қатарынан дараланып шыққан ең білікті жастар. Мәселен, Парламентті, министрлер корпусын алып қарасақ, ондағы жастардың үлес салмағы аз. Қабілетті, ақылды, тәжірибелі жастар жетерлік. Оларға сенім арту керек. Меніңше, біз сөз еткен «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасы осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған.
Бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус пандемиясы бізді де айналып өткен жоқ. Аты жаман кеселдің, әсіресе ел экономикасына тигізген соққысы жойқын. Дер кезінде жасалған оңтайлы шешімдер бізді індеттің бұдан да қатты қарқын алуынан құтқарды. Әлем экономикасын үлкен дағдарыстар күтіп тұрғаны баршаға аян. Президентіміздің осы бағыттағы ұстанымдарын қолдап, бірлік танытсақ, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ» бұл қиындықтарды да еңсерерміз. Мемлекеттің жарқын болашағы әр кеудені маздатқан алаулы арман. Сол арманды іске асыру – баршаға ортақ міндет. Игі бетбұрыстар аз емес. Соның бәрі жүйелі жүзеге асса деп тілейміз.
Расул ЖҰМАЛЫ,
қоғам қайраткері, саясаттанушы
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:21
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар