Несие • 09 Сәуір, 2024
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, тұтынушылық кредит беру сегментінде кейінгі 3 жылда өсім байқалған. Ұлттық банк (ҰБ) дерегіне сәйкес, 2021 жылдан бастап кепілсіз тұтынушылық кредиттердің орташа жылдық өсуі 33%-ды құрады. Соңғы 8 айда тұтынушылық несие портфелі 9,2 трлн теңгеден асқан.
Қаржы • 05 Сәуір, 2024
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов журналистермен кездесуде Қытай, Оңтүстік Корея, Түркияның ірі банктерімен филиал ашу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын, шетелдік банктердің нарыққа келуі бәсекелестер арасындағы ойын ережесін өзгертіп, мөлшерлемелерді төмендетуге ықпал етуі мүмкін екенін айтты.
Қаржы • 01 Сәуір, 2024
Ұлттық қор қызметі сапалануы керек
Соңғы кезде Ұлттық қор жұмысының тиімділігіне күмәнмен қарайтындар қатары басым. Қор қаражатының жинақталу динамикасында жинақтау функциясын орындаудың тиімсіздігі байқалатыны жиі айтылып жүр.
Экономика • 28 Наурыз, 2024
Алматыда осымен 11-рет ұйымдастырылған CFO Summit-2024 платформасында экономикамыздың маңызды тақырыптары талқыланды. Әрқайсысы екі сағатқа созылған пленарлық сессияларда жаңа Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) рөлі, 2029 жылға қарай экономикалық өсімді 450 миллиард долларға жеткізу және ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) жылдық өсімін 6 пайызға дейін көтеру мүмкіндігіне назар аударылды.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2024
Әнші Димаш Құдайберген Алматыда Наурыз мерекесіне арналған концертте өнер көрсетті. Сонымен қатар қала көшелерімен керуен өтіп, оған қазақ жауынгерлері, ақындар, бүркітшілер қатысты, деп жазады Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 18 Наурыз, 2024
Алматының бір айда кемі екі-үш рет теңселіп алуы қалыпты жағдайға айналып барады. Биіктігі Алатаумен таласқан үйлерді мекен еткен тұрғындардың бірі Астанаға қарап көш түзесе, енді бірі жер үйге қоныс аударуды ойластыра бастады. Ахуал мегаполистегі тұрғын үй нарығына үлкен соққы беретін секілді.
Банк • 15 Наурыз, 2024
ЕДБ: Екінші инвестор қызығушылық танытты
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен CFO саммитінде тағы бір шетелдік инвестордың отандық банкті сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Алматыда CFO Summit Idea Exchange & Networking Event өтеді
Бүгін бірегей Алматы театрында өтетін «CFO Summit Idea Exchange & Networking Event» (бұдан әрі – CFO Summit) Алматы қаржы орталығының өміріндегі маңызды оқиға өтеді. Іс-шараға тіркелу ашық және cfosummit.kz ресми сайтында жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 13 Наурыз, 2024
«Bereke Bank»-ке Қатар «құда түсіп» жатыр
«Bereke bank»-ті (бұрынғы «Сбербанк Қазақстан») сатуға дайындық жүріп жатқаны, сатып алушы Қатардағы «Lesha Bank» инвестициялық банкі екені ақпан айының екінші жартысында белгілі болды. Оның алдында, 2023 жылдың екінші жартысынан бастап әлеуетті инвесторлар ретінде Қатар мен Грузия бизнесмендері аталды. Еуропалық қайта құру және даму банкі де қызығушылық танытты. Біздің банкті сатып алудан үміттілердің арасынан топ жарып шыққан «Lesha Bank» та осал емес. 2008 жылы құрылған. Бұрын «Qatar First Bank» брендімен жұмыс істеген. «Lesha Bank» инвестициялық банкі бизнестің түрлі саласына – медицина, бөлшек сауда, мұнай-газ секторына инвестиция құйған.
Алматы • 13 Наурыз, 2024
Алматы: Сейсмикалық аудит қалай жүреді?
Алматыны осы мәселе алаңдатып отыр. 2023 жылдың ақпанында Алматы әкімі Ерболат Досаев соңғы рет сейсмикалық аудит 2017-2018 жылдары өткенін, 2023 жылдың екінші жартысында және 2024 жылдың алғашқы жартысында қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастайтынын айтқан. Әкім сол кезде қаланың сейсмикалық зондтауы ескерілмеген бір шаршы метрі жоқ екенін, Абай даңғылынан жоғары орналасқан үйлердің бәрі 10 балл, төмен орналасқандары 9 балл жер сілкінісіне төтеп беретінін де алматылықтардың есіне салған.