Ауыл • 12 Наурыз, 2024
Бөлінген қаржы ауылға жетпейді
Ауылды көтеруге бағытталған бағдарлама мен құжаттардың саны көбейген сайын салада шешілуге тиіс мәселенің де көлемі ұлғайып әрі күрделеніп бара жатқандай. Сарапшылар ауылға бөлінген қаржы қолжетімді әрі тиімді болуы үшін Агробанк керек дегенді біраздан бері айтып жүр.
Қаржы • 11 Наурыз, 2024
Сақтандыру саласының жаңалықтары
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова сақтандыру нарығының қатысушыларымен секторды қадағалау саясатының 2024 жылға арналған басымдықтарын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы өкілдерінің, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры басшыларының, сондай-ақ сақтандыру омбудсманының қатысуымен өтті.
Сараптама • 11 Наурыз, 2024
Е-commerce «мінез-құлқы» өзгерді
2019-2022 жылдардағы коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде электронды коммерцияның дамуын жеделдетті. Сарапшылардың пікірінше, e-commerce нарығының географиялық шекарасы жоқ. Халықаралық сарапшылардың болжамынша, 2026 жылға қарай B2C жаһандық нарығы 8,2 триллион доллар болады. Қазір ол әлемдік бөлшек сауда айналымының 5,7 трлн доллар немесе 19% деңгейінде (Оңтүстік Кореяда – 28%, Қытайда – 27,2%, Ұлыбританияда – 26,5%, АҚШ-та – 14,6%).
Экономика • 10 Наурыз, 2024
Пайдаланылған ауыл шаруашылығы техникасына субсидия беріле ме?
Қазақстан Үкіметінде импортталған ауыл шаруашылығы техникасына субсидияларды толығымен алып тастау жоспарлары бойынша Қазақстанда қызып жатқан дауларға жаңадан ұсыныстар қосылды. Әңгіме аграрлардың бес жылдан аспаған бұрынғы (пайдаланылған) техника мен жабдықтарды сатып алуы кезінде субсидиялар алу мүмкіндігі туралы болып отыр, деп жазады Egemen.kz Jańa Dala Green Day» ақпараттық орталығы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Экономика • 10 Наурыз, 2024
Фермерге таңдау құқығы беріледі
Агробизнес ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауды өзгерту жөніндегі жоспарды талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Наурыз, 2024
Баға өсімі баяулады: Құрылыс компаниялары демін ішіне тартып отыр
Былтырдан бері баспана нарығындағы баға өсімі баяулай бастады. Мемлекеттің тұрғын үй нарығынан шығуға ниет танытуы, соған байланысты жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар санының шектелуі нарық бағасына әсер етті дейді сарапшылар.
Қаржы • 06 Наурыз, 2024
Ұлттық рейтинг агенттігі керек
Адам үшін де, мемлекет үшін де жеңіске ұмтылуды қалыптасқан табиғи заңдылық деп түсінуге болады. Қазір әлем бойынша үздіктерді анықтайтын көптеген рейтинг бар. Әр елдің экономикалық һәм әлеуметтік ахуалына қатысты көзқарас рейтинг агенттігінің бағасымен қалыптасады. Осындайда дербес ұлттық агенттіктің қажет екені де анық сезіледі.
Өндіріс • 06 Наурыз, 2024
Осыдан тоғыз жыл бұрын өндіріс ашу идеясы Махамбет Асабаевтың ойына кездейсоқ келген жоқ. Бірнеше жыл бойы мұнай-газ, тау-кен және құрылыс кәсіпорындары үшін импорттық жұмыс киімдерін, аяқкиімдерін және жеке қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысты. Негізі, алып-сату бағыты. Нарықты егжей-тегжей зерттеген кәсіпкер жұмысшы қолғабына сұраныс артқанмен, өндірісіміз жолға қойылмағанын түсінді.
Қаржы • 05 Наурыз, 2024
Зейнетақы жинағы тиімді басқарыла ма?
Кейінгі бірер жылда «жеке басқарушы компаниялар зейнетақы жинақтарын қалай басқарады?» деген мәселе күн тәртібінен түскен емес. Үкімет пен Ұлттық банк (ҰБ) үшін де бұл тақырып өзекті. Ақпан айының екінші онкүндігінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің әлеуметтік блогі (БЖЗҚ) қаражатты алудың табыстылығын қамтамасыз етуді қатаң қадағалайтынын айтқан.
Инфляция • 01 Наурыз, 2024
Үкімет пен Ұлттық банк (ҰБ) инфляция деңгейін жыл аяғына дейін 6-8 пайызға дейін төмендетеміз деп жоспарлап қойған болатын. Қаңтар айында инфляция 9,5%-ға баяулады. Сонда мақсатты дәлізбен қазіргі жағдайды үш пайыздық айырмашылық бөліп тұр. Тәуелсіз сарапшылар қазіргі қарқынды сақтай алсақ, межелеген 6-8 пайыз жылдың үшінші тоқсанында қолжетімді болады дейді.