Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1935 материал табылды

Технология • 02 Қыркүйек, 2020

ЕО Қазақстанда ЕҚТ қағидаттарымен электр энергетикасын дамытуға қызығып отыр

«Қазақстанның ұлттық сарапшылары «Электр энергетикасындағы ең озық қолжетімді технологияларға көшу тәжірибесі: ірі энергетикалық қондырғылар» вебинарына қатысты. Вебинарды «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: су ресурстары, қоршаған орта және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық» (WECOOP) Еуропалық Одақ (ЕО) жобасымен ынтымақтаса отырып Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) ұйымдастырды» деп хабарлайды осы жиынға қатысқан  Egemen.kz тілшісі.

Әлем • 02 Қыркүйек, 2020

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада қала салуды жоспарлап отыр

Өзбекстанда талқылауға спутниктік қала мен Ташкенттің шегінде индустриалды аймақ құру жобасы ұсынылды. Жаңа аумақтардың кейбір учаскелері Қазақстанмен тікелей шектеседі деп күтілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz   Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Экономика • 01 Қыркүйек, 2020

Жекешелендірудің үшінші толқыны ұлттық инвесторларды қалыптастыра ма?

Келер жылдан бастап елде жекешелендірудің үшінші толқыны басталады. 2016–2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 96,8%-ға орындалды. «Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл жұмыстардың мақсаты – экономикадағы мемлекеттің үлесін 15%-ға дейін қысқарту. Осыған байланысты мемлекеттің және квазисектордың иелігіндегі 863 компанияны бәсекелестік ортаға жіберу қарастырылған еді. Бағдарлама жұмыс істей бастаған 4 жылда 503 нысан сатылды. Нәтижесінде, мемлекеттің экономикадағы үлесі 16,2%-ға дейін төмендеді. 503 нысанды өткізуден мемлекетке 534,1 млрд теңге табыс түсті.

Әлем • 31 Тамыз, 2020

Мерседес 2040 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге кепілдік береді

"Daimler AG-ге тиесілі неміс автомобиль өндірушісі Mercedes-Benz 2040 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізуге міндеттеме алады. Компания Amazon.com Inc бастаған климат кепілі бастамасына қосылды", деп жазады Egemen.kz ru.investing.com порталына сілтеме жасап.

Коронавирус • 31 Тамыз, 2020

Орталық Азияда 225 мың адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Орталық Азияда тіркелген COVID-19 коронавирустық инфекциясының саны өткен тәулікте 627-ге көбейіп, дүйсенбі күні таңертең 225 608-ге жетті, деп хабарлады Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның тиісті ведомстволары. Бұл туралы  Egemen.kz  Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып жазады.

Экономика • 31 Тамыз, 2020

ЕАЭО мұнай саласындағы заңдарды үйлестіру бойынша "Жол картасын" әзірлейді

ЕЭК Алқасы жанындағы Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің мұнай саласындағы заңнамасын үйлестіру бойынша "Жол картасын" талқылады. Тараптар құжат жобасымен келісіп, оны әрі қарай ЕЭК Кеңесінде және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте қарау туралы келісілген шешім қабылдады. Бұл құжат 2020 жылдың соңында бекітіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz  комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономика • 31 Тамыз, 2020

ЕАЭО зергерлік бұйымдарды экспорттау бюросын құруды жоспарлап отыр

Бюро үшінші елдер нарығында зергерлік бұйымдарды сату арналарын кеңейту мәселелерімен айналысады ЕАЭО елдері зергерлік бұйымдарды экспорттаудың Еуразиялық бюросын ЕЭК Кеңесінің шешім жобасынан құруы мүмкін, - деп жазады  Egemen.kz ЕАЭО зергерлік бұйымдарды экспорттау бюросы таратқан деректерге сілтеме жасап.  

Экономика • 31 Тамыз, 2020

Банктердегі депозиттерге 20 триллион теңге орналастырылды

Жақында Ұлттық банк депозиттердегі салым мөлшері туралы мәліметтерді жаңартты. Шілде айының соңындағы көрсеткіштер бойынша резиденттердің депозиттік мекемелердегі депозиттерінің көлемі 2020 жылдың шілде айының соңында бір айда 4,1% -ға ұлғайып, 20 685,4 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,2% -ға, 10 702,8 млрд  теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 3,0% -ға, 9 982,6 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Egemen.kz   газетіне  Ұлттық банктің  баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 31 Тамыз, 2020

ЕАЭО-да бірыңғай онлайн жұмыспен қамту жүйесінің бөлігі қалыптасты

Мамандар Қазақстанның еңбек биржасы ЕАЭО ортақ жүйесінің құрамдас бөлігіне айналады деп үміттеніп отыр.   Себебі еуразиялық экономикалық одақ аясында орталықтандырылған еңбек биржасы қалыптасады, бұл елдер арасындағы миграциялық шектеулерді жояды деген пікірлер көптен айтылып жүр,- деп жазады Egemen.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Экономика • 31 Тамыз, 2020

Мнучин республикашылар экономиканы қолдау бойынша ұсыныстар бере алатынын айтты

"АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин республикашылдар келесі аптада АҚШ Сенатында пандемия жағдайында ел экономикасын ынталандыруға арналған шаралар жиынтығы бойынша жаңа ұсыныстар ұсынатынын айтты. Қаржы министрі туралы дүйсенбіде Fox Business телеарнасында айтты", деп жазады Egemen.kz  аталмыш телеарнаның таратқан деректеріне сілтеме жасап.