Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
21 материал табылды

Таным • 18 Мамыр, 2024

Түрікмен мәдени әлемінің биік құбылысы

Мақтымқұлы туралы қазақ әдебиет­тануында, әдеби байланыстар саласында аз жазылған жоқ. Мұрасы бүгінге дейін бірнеше дүркін жинақ болып шықты. Шайыр мұрасы Ресей мен Еуропаға Персиядағы орыс елшілігінде қызмет еткен поляк ақыны, шығыстанушы Александр Ходзько-Борейконың 1842 жылы Лондонда шыққан еңбегі арқылы жетті деген дерек бар. Бұдан кейін осы тұлғаны танытуды Илья Березин, Арминий Вамбери, Федор Бакулин (Иранға қарасты Астрабадта консул болған) жалғастырған. Дей тұр­ғанмен мақтымқұлытануда көрнек­ті шығыс­танушылар Александр Самойлович пен Евгений Бертельстің, түрікментанушы Александр Поцелуевскийдің (өлең өрімін зерттеген) еңбегі зор. Ал түрік­мен ғалымдарына келсек, ақынның акаде­миялық өмірбаяны мен мұрасын жүйелеу мен танымалдандыруда академик Баймұхамет Каррыев пен профессор Мяти Косаевтың зерттеуін айрықша атаймыз. Бұл ғалымдардың ізденістерін Абайды танытудағы Мұхтар Әуезовтің табандылығымен салыстыруға болады.

Зерде • 23 Сәуір, 2024

Алаш әліппесі шыңдаған

Күні кеше Астана төрінде қазақ пен қырғыз ұлты зиялыларының, атап айтсақ, мәдени-ғылыми сала тұлғаларының, қайраткер ақсақалдарының кездесуі өтті. Жиынды еліміздің Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жүргізіп отырды. Қырғыз тарапының сөз тізгінін осы елдің Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов ұстады. Ағайын екі ұлттың елеулі тұлғалары ойын ортаға салып, рухани байланыстың жаңа кезеңіне қатысты жөн-жобасын ұсынды. ЭКСПО-орталығының екінші қапталында қазақ-қырғыз жастарының алқалы жиыны өтіп жатты.

Пікір • 12 Сәуір, 2024

Білім-ғылым аңсары

Бүгінгі білімнің мәні – мәдени тран­с­­­­формацияда. Сын-қатер­лер тұсын­дағы сұрақ: қоғамға кім керек және маман қоғам­нан өз орнын қалай табады? Транс­фор­мация мәні осында! Ізденген жас азамат бәсеке, кәсібилік тұрғы­сынан өзіне қажетті және елінің бүгіні мен ертеңіне керекті білім ала білуі тиіс.

Руханият • 08 Сәуір, 2024

Түркістан рухани бірлігіндегі «Шағатай бәсі»

Большевизм толық жеңген уақытта түркі тұлғаларының, соның ішінде қазақ зиялыларының басын көбiрек қосқан бiрегей шаһар Ташкент едi. Мұның себебi Мұстафа Шоқай мен Тұрар Рысқұлов әр тұрғыдан көтерген тәуелсiздік пен бірлік мұраты-тын. Осы қалада 1918–1922 жылдары өзбек жәдитшiлдерiнiң «Шағатай бәсi» (түпнұсқада «Чигатой гурунги») атты мәдени ұйымы жұмыс істеді. Мағынасы – «Шағатай ұлысы мұрагерлерінің пікірталас, сұхбаттасу, бәс тігу алаңы» (гурунги – парсы сөзі).

Пікір • 22 Наурыз, 2024

Наурыз пәлсапасы

Әр ­жылдың Наурызында ел тари­хы­­ның жаңа бір парағы ашылып, өткен мен бүгіннің парқын айқындауымызды – әділеттіктің жөні деп қабылдаймыз. Байсалды бабаларымыз «Жаңа айда жарыл­қа, ескі айда есірке!» деген тіле­гін үйлесімділік Иесіне бағыштағаны анық.

Пікір • 14 Наурыз, 2024

Халық рухы

Бұйырса, бүгін Ұлық Ұлыс немесе Алтын Орданың әз шаһары Сарайшық жұртында – Атырауда Ұлттық құрылтай үшінші жиынының секциялар жұмысы басталады. Ертеде Жайық ағыны қатты, айдыны шалқар Ұлы Су аталыпты. Араб саяхатшысы Әбу әт-Тәнжи яки Ибн Батутта: «Дүниеде Бағдаттан кейін жүзбелі көпірді осы Сарайшықтан көрдім. Отыз сарайы, төрт мешіті көз жауын алады» деп жазыпты. Осы шаһар қорымында Мөңке Темір, Тоқта хан, Жәнібек, Әмір Оқас, Қасым хан, Шаһ Мамай, Жүсіп хан сынды жеті қағанның сүйегі бақилық мекенін тапқан. Мұны пантеон десек те болады. Сарайшық – биыл 800 жылдығы аталып өтіп жатқан Жошы ұлысының осы өңірдегі Сарай Бату мен Сарай Беркеден кейінгі үшінші ірі орталығы.

Сұхбат • 06 Наурыз, 2024

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Дәстүрлі діннің уызына жарыған ұрпақ жат ағымға төтеп бере алады

– Ассалаумағалейкум, қа­дір­лі Наурызбай қажы Тағанұлы! Уақыт тауып, сұх­бат беруге ке­ліскеніңізге рахмет. Ең әуелгі сауалымызды қоғамның рухани келбетінен бастасақ. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Мем­лекет басшысы ұлттың са­пасы мен саламаттылығына айрықша көңіл бөлді. Осы бағ­дарда қоғамның рухани се­німіне және түрлі сын-қатер­ге қатысты бүгінгі өзекті мәсе­ле­лер туралы білгіміз келеді.

Сұхбат • 03 Қаңтар, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақы­тыңыздың тығыздығына қара­мастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін риза­шылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондық­тан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?

Қоғам • 01 Қаңтар, 2024

Біртұтас қоғам қасиеті

Біз әр жылдан жақсылықты үміт етеміз. «Қараша, желтоқсанмен – сол бір екі ай» шамасында түрлі деңгейде есеп беріледі, нәтиже шығарылады. Таразының бір басына жоспар, екін­ші басына оның орындалуы қойылады. Біреу қуанады, екінші ойланады, үшінші сын естіп ширы­ғады. Бұл да – табиғи үдеріс. Бәрі табан ақы, маңдай термен келеді. Бабаларымыз «Еңбекке ебі жоқтың елдікке себі жоқ» деген. Халықтың осы ерекше өлшемі қазір де көкейкесті.

Таным • 19 Қыркүйек, 2023

Біліктілігі ерен қайраткер

Қазақ мекендеген Түркістан аймағынан немесе сонымен шектес өңірден шығып, түркі және ұлт бірлігіне қызмет еткен тұлғалар аз емес. Олардың есімі қазір көпке мәшһүр: Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлұлы, Сұлтанбек Қожанұлы, Жалау Мыңбайұлы, Сейітқали Меңдешұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Әзімхан Кенесарин, Серәлі Лапин, Нәзір Төреқұлұлы, Серікбай Ақайұлы, Дінше Әділұлы, Санжар Аспандиярұлы, Молдағали Жолдыбайұлы, Телжан Шонанұлы т.б. Осы қатардағы айтулы тұлға – Мырза Наурызбайұлы. Ол 20-жылдары Бұхара республикасы үкімет төрағасының орынбасары деңгейіне көтерілген. Кеңес билеген Қазақстан мен Түркістандағы Алаш зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болған.