Қоғам • 05 Қазан, 2024
Білім мен ғылым саласы жүйелілікті, нақтылықты жақсы көреді. Әу баста «Әліппеміз» аз уақытта, орнымен әлемде қайталанбас ана тіліміздің құбылысын ашудың кілтін ұстатса, университеттік әрбір классикалық пән үлкен дүниенің негізін, анықтамасын, мән-мағынасын, қағидатын, тұжырымын, өрістеу жолын көрсетіп берді.
Мәдениет • 06 Шілде, 2024
Биылғы шілде біз үшін халықаралық және елдік елеулі көңіл-күйден басталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жиыны әлемдік абыройымызды арттырды. Жаһандық татулық пен сұхбаттастыққа жол ашатын Астана декларациясы кейінгі жылдардағы бейдауа қауіп-қатер мен дағдарысты реттеуге ықпал етеді деген үмітіміз зор. Ең бастысы, ШЫҰ-ға төраға болған Қазақстанның үйлестіруімен, жетекшілігімен дүниежүзіндегі 3,5 миллиард халықты құрайтын мемлекеттер басшылары осындай пәтуаға келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық құрылымды «сын-қатерлерге төтеп беретін мейлінше тиімді ұйымға айналдыру» мәселесін дер кезінде көтеріп, қолдау тапты. Бұл ретте халқымыздың «Пейіліңді кеңге сал, қырманыңды дөңге сал» деген даналығы еске түседі. Оның арғы жағынан Шығыс шайыры Рудакидің «Ақылды татулыққа, ақымақ қатулыққа ұмтылады» деген ойы аңғарылады. Астана төрінде ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының қабылдануы және еларалық тұрақтылыққа арқау сан саланы қамтыған 20-дан аса құжатқа қол қойылуы – сарабдал пейіл мен елшіл маңдай тердің арқасы. Енді ұйым кеңістігі кеңейе беретіні айқындалды.
Пікір • 01 Ақпан, 2024
Ұлт баспасөзі тарихтың түрлі сынынан өтіп, қалыптасып, дамып, кемелденді. Бүгінгі БАҚ жаңалық пен ақпаратты халыққа жеткізу пішіні, мазмұны, амалы, т.б. кәсіби шарттары жөнінен көп өзгерді. Мамандар технология мен инновация қарқынына ілесуге тырысып-ақ келеді. Сала сарапшылары әлем мен ұлт талғамын, сұранымын ескеріп, тез жетілуді ұсынады.
Пікір • 16 Желтоқсан, 2023
Азаттық – біз үшін асыл ұғым. Оның мәні де, тағылымы да терең. 32 жылда Тәуелсіздік туралы жазбаған қаламгер, толғамаған өнер адамы, байыптамаған қайраткер кемде-кем шығар. Бұл – аса табиғи үдеріс. Құдды жаратылыстың үйлесіміндей, кемді толтырғандай, үзілгенді жалғағандай құбылыс. Аңсар, арман, арқау өлеңге де, өмірлік естелікке де түседі. Әлихан Бөкейхан «жанға хас жүрек тілі, сезім тілі, күй тілі ...адам жаны осы тілмен сөйлейді» деуші еді ғой. Бостандықтың ақ таңы дәл солай жүрек, сезім үнін жеткізді. Алаш көшбасшысы: «Жүйрік, қыран күшін қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар?» деп, замандастарына және ұрпаққа ой салады.
Пікір • 24 Қазан, 2023
Бір айдың жүзі болды, «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері оқырманға ел егемендігі жарияланған кезеңнің естеліктерін, осыған байланысты танымдық материалдарды ұсынып келеді. Саяси үдеріске қатысқан аға толқын, өткен мен бүгінге көз салған жаңа буын Республика күнін ұлт құндылықтары аясында байыптай бастады.
Пікір • 05 Қыркүйек, 2023
Дәл бүгін әділеттілік пен экономикалық бағдар мемлекетке де, қоғамға да өзекті болып тұр. Бұл ұғымдар – орнықтылықтың да, дамудың да тетігі. Өйткені олар заңдылықты, өркендеуді анықтайды.
Пікір • 12 Шілде, 2023
Күні кеше Мемлекет басшысы елорданы дамыту жөнінде кеңес өткізді. Бас қаланың түрлі мәселесіне қатысты шаһар басшысына, құрылым жетекшілеріне ащы сын, тұщы ұсыныс айтты.
Пікір • 15 Маусым, 2023
Қаңтар қасіретінен кейін бұрқ-сарқ қайнаған қоғамымызды, әсіресе зиялы қауым мен жас буынды бір серпілтіп, байыпты қалыпқа бастаған Ұлытаудағы тарихи Ұлттық құрылтайдың өткеніне де, міне, бір жыл толыпты. Сонда Ұлы дала төсінде, хандық биліктің рәмізі Жошы сағанасы жанында бой көтерген ақшаңқан шатыр астындағы жиында Мемлекет басшымыз: «Жаңа Қазақстан бір күнде немесе бір жылда құрылмайтыны анық. Бұл – бүкіл қоғамды өзгертетін күрделі әрі ұзақ үдеріс. Мұны жүзеге асыру үшін бүкіл ел болып жұмылсақ, көздеген мақсатымызға жетеміз», деген еді.
Пікір • 30 Мамыр, 2023
Жыл сайын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні таяғанда, көбіміз ойланып қаламыз. «Бұл нәубет қайдан келді? Одан құтылуға болмас па еді? Ұлт қайраткерлері бірлік, көрегендік танытқанда шығын азаяр ма еді?..». Әрине, мұның бәрі – бейбіт һәм тоқ заманның сұрағы.
Пікір • 22 Наурыз, 2023
Еліміз әлемдік, өңірлік һәм ішкі сын-қатерлерге байланысты дамудың жауапты кезеңін бастап, оның темірқазығына – Әділет ұғымын алғаны және 2022 жылы 16 наурызда саяси реформаларды жария етіп, мұны сәтімен жүзеге асырып жатқаны мәлім.