Өмір ЕСҚАЛИ
Өмір ЕСҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
358 материал табылды

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда 120 мектеп жөнделеді

Биыл өңірде мектептерді қалпына келтіру жұмыстарына 5 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда Өзбекстан жәрмеңкесі өтті

Өзбекстандық кәсіпкерлер екі күн бойы облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып, жұртшылыққа қолжетімді жеміс-жидек, көкөніс, бал өнімдерін,тоқыма бұйымдары мен қыш ыдыстарын саудалады.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Ербол Шаймерденовтің туған жерінде еске алу шаралары өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, журналист Ербол Шаймерденовті еске алу шаралары облыс орталығымен қатар туған жерінде де ұйымдастырылды.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Қайырымдылық балынан 3 миллион теңге жиналды

Назарбаев зияткерлік мектебі студенттерінің ұйымдастыруымен «Әлемге жақсылық сыйла» атты кеш өтті.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Шаттығы шалқыған шаңырақ

Биыл жетінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Мерейлі отбасы» кон­­­курсы­ның облыстық кезеңіне жолдама алған 17 отбасы сайдың тасындай іріктеліп кел­гені бірден аңғарылды.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Асқақ мұрат, жалындаған жастар

Ел игілігі жолындағы белсенді еңбекке қатысу жолдары сан-салалы болғанымен, көңілді күпті ететін жайттар аз кездеспейді. Мысалы, бүгінде шешуші ұлттық факторға айналып отырған жасампаз еңбекке кейінгі толқынды тарту, ынталандыру жайы қалай деген сауал қойылса, күмілжіп қалатынымыз рас. Өйткені жастар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге бейім, масылдық пиғыл басым, қоғамдық пайдалы іске ынтасыз, құлықсыз деген секілді айыптаулар жиі айтылатындықтан кейде таразы басы қай жаққа ауатынын білмей дал боласың. Жаһандық бәсекелестік жағдайында бұл буынның арасында шынайы өндірістік еңбектің қадірі төмендеп, беделі түскендей көрінгенімен, шын мәнінде, олай емес екеніне Ж.Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде өткен «Жас келсе – іске!» атты ауылдың еңбекші жастарының республикалық форумында жауап тапқандай болдық.

Аймақтар • 03 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстанда республикалық арнайы жұмыс тобы болды

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов бастаған республикалық арнайы жұмыс тобы өңірде болып, жиын өткізді.

Аймақтар • 03 Маусым, 2019

Солтүстікқазақстандық шекарашы жүкті әйел мен баланы ажалдан құтқарды

«Солтүстік» аумақтық басқармасы Петропавл шекара жасағына қарасты Уәлиханов ауданы «Бидайық» өткізу бөлімшесінің әскери қызметшісі Сергей Гайдай жүкті әйел мен бес жастағы баласын ажалдан арашалап қалды.

Аймақтар • 03 Маусым, 2019

Көне мешіт негізінде ислам мәдени музейі құрылады

Киров атындағы зауыты аумағында орналасқан мешіттің тарихы он тоғызыншы ғасырдан басталады.

Аймақтар • 02 Маусым, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімі мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық жасады

Халықаралық балаларды қорғау күні аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Аружан мен Софьяның үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.