Фарида БЫҚАЙ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2021

Тиімді ұсыныстар талабы

Қазір «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС кәсіпорны тұрақты жұмыс ырғағында. Зауыт қазан айында тех­но­ло­гиялық құрал-жабдықтардың жаңғыртылуына байланыс­ты жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Күрделі жөн­деу жұмыстарын жүргізу үшін қолайсыз ауа райы жағ­дай­ла­ры­на қарамастан, жоспарланған мерзімнен бұрын орын­­далғаны «ҚазМұнайГаз» АҚ тарапынан да хабарлан­ды.

Коронавирус • 09 Желтоқсан, 2021

Індет кезінде тыныштық та ем

Қазір Павлодар өңірі «сары аймаққа» өтіп, эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Дегенмен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Баянауыл ауданынан басқа, Аққулы ауданы және Екібастұз қаласы «қызыл аймақта» қалып отыр. Өткен аптада індет жұқтырған 56 091 науқас тіркелсе, 30 999 науқас – облыс орталығының тұрғындары.

Коронавирус • 03 Желтоқсан, 2021

Эпидахуал тұрақталып келеді

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде қарашаның соңында эпидемиялық ахуал оңалып, індет жұқтырушылар саны азаюы мүмкін екенін, бірақ іс жүзінде жағдай басқаша болуына да күмән тудырмайтынын айтқан-ды. Қазір өңір «сары аймаққа» өтіп, эпидемиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келеді.

Аймақтар • 21 Қараша, 2021

Есепсіз су – ысырап

Алдағы көктемнен бастап Қ.Сәтбаев атындағы су арнасынан Шідерті өзеніне су жіберу тоқтатылуы мүмкін. Осы хабарды естіген Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының тұрғындары алаңдаулы. Бұл мәселені «Egemen Qazaqstan» назарда ұстап, бірнеше мақала жариялаған болатын.

Аймақтар • 17 Қараша, 2021

Инвестиция – елді өркендету тетігі

Қазіргідей қаржы нарығы тұрақсыз кезеңде инвестор табу оңай емес. Оларға елімізде ыңғайлы жағдай да жасалуы керек. Павлодар облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, инвестиция тарту бойынша кешенді жоспар құрылған. Осы жылдың алғашқы жартысында өңірде негізгі капиталға 217 млрд теңге инвестиция құйылған.

Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Кітапхана жұмысын жетілдіру керек

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапхана - өңірдің мәдени саласын жаңғырту жолында» атты халық­ара­лық форум өтті. Жиынға Мәскеу, Новосібір, Барнаул, Моң­ғо­лияның Баян-Өлгей аймағының және жергілікті өңір­дің кітапханашылары қатысты. Онлайн форматында өткен жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, облыстық кітапхананың 125 жылдығына арналды.

Аймақтар • 01 Қараша, 2021

Модульдік полиция бекеттерінің септігі

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған облыс еліміздегі қылмыс аз жасалатын өңірлердің бірінен саналады. Биыл 9 ай ішінде полицияға келіп түскен 90 мыңнан астам хабарлама қаралған. 4 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Облыста кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстар саны азайған, 10 мың адамға шаққандағы қылмыс саны 75-ті құрады.

Коронавирус • 29 Қазан, 2021

«Қызыл» аймақтан шыға алмай отыр

Осыған дейін облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде жүрген мониторингтік топ мүшелерін бірде-бір рет байқамаппыз. Оларды шағын дүкендерден де ешқашан көрмейсіз. Қоғамдық көлік демекші, қазір облыс орталығында бұрынғыдай автобус­тарды ұзақ күту басталды, бір автобус келсе жолаушылар лық толады.

Аймақтар • 27 Қазан, 2021

Атақты ғалым Бейсембай Кенжебайұлына мемориалдық тақта қойылды

Павлодардағы «Ертіс Медиа» ғимаратының қабырғасына облыстық «Кеңес туы» (қазіргі Saryarqa samaly) газетінің тұңғыш редакторы, елімізде түркітану мектебінің негізін қалаушы Бейсембай Кенжебайұлына арналған мемориалдық тақта қойылды.

Экономика • 25 Қазан, 2021

Креативті экономика – қандай экономика?

БҰҰ әлемнің көптеген елінің қолдауымен 2021 жылды «Халықаралық креативті экономика жылы» деп жариялағаны белгілі. Қолдау білдірген елдер мәлімдемесінде креативті индус­трия пандемиядан соң әлем экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіні айтылған.