Аймақтар • 03 Шілде, 2020
Індетпен күресте салғырттық танытуға болмайды
Коронавирус індеті әлемді әбігерге салып, адамзатты үлкен бір сынақтан өткізіп жатыр. Дегенмен тұрғындарды вирустың құрбаны қылмау үшін дәрігер деп аталатын бір қауым табандылықпен күресуде. Әзірге итжығыс, бірде ақжелеңділер, енді бірде тәж вирусы.
Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Шымкентте бүгінге дейін 3320 провизорлы орын ашылды
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасымен шаһарда бүгінге дейін барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 3320 провизорлы орын ашылды. Оның ішінде резервтік 450 орындық провизорлы орын 1 шілде күні жеңіл атлетикалық спорт кешенінен дайындалды. Оған қоса қалада 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, науқастарға көмек көрсету екі есеге күшейді. Осы орайда қала басшысы ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмектің үзіліссіз жеткізілуін де қадағалап отыр. Мәселен, кеше қажетті орындарды дәрімен қамту мүмкіндігін бағамдау мақсатында дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орны мен ірі қоймаларға барды, деп хабарлайды egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов инфекциялық госпиталь жұмысымен танысты
Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов фарм компания басшыларымен кездесті
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы фарм компания басшыларымен жиын өткізді. Дәрі өндірушілер, дәріханалық қойма басшылары, аптека желілерінің директорлары қатысқан жиын барысында шаһардағы дәрі-дәрмек төңірегінде қалыптасқан мәселе кеңінен сөз болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Шілде, 2020
Тестілеуге қатыстырылмағандар да аз емес
Түркістан облысы бойынша 21-30 маусым аралығында 101 талапкер кіреберісте тыйым салынған заттарды алып кірмек болғандықтан тестілеуге қатыстырылмады. ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 134 тестіленуші аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижесі жойылған. Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Оспанов айтып өтті.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Спорт кешені емдеу орталығына айналды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған әкімдер мен Үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алған еді. Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке де сөгіс жариялады.
Коронавирус • 30 Маусым, 2020
Жаңадан стационарлар ашылып жатыр
Кейінгі күндері Шымкенттегі ауруханаларда науқастарға орын жетіспей, індет жұқтырушылар денсаулық сақтау мекемелерінің қақпасына жетпей қайтыс болып жатыр деген сарындағы ақпараттар тарала бастады. Тіпті дәріханаларда ұзын сонар кезек күткен тұрғындар туралы видеолар да әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Осылайша, қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты шымкенттіктер үрей құшағында қалғаны жасырын емес.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Шымкентте тұрғындарға көмек көрсететін iKomek орталығы ашылды
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес iKomek орталығы ашылды. Орталық күндіз-түні тұрғындардың қоңырауларына жауап береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2020
Шымкентте жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға орын жеткілікті
Шымкент қаласында инфекциялық дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында Жеңіл атлетикалық спорт кешенінен провизорлы 150 орын дайындалды. Мұндай провизорлы орындар алдағы уақытта да ашылатынын Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов айтып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2020
М.Әйтенов эпидемиялық жағдайға байланысты түсініктеме берді
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин қатысты, деп жазады Egemen.kz