Қоғам • 10 Шілде, 2020
Жағдайды тұрақтандыруға күш салып жатыр
Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда науқастар шамадан тыс артты. Ал дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзын-сонар кезекке тұрды. Міне, осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен шұғыл топ құрылды.
Технология • 10 Шілде, 2020
Өндіріс көлемін 5 есеге арттырды
Күн өткен сайын қаншама отандастарымыз айтып келмейтін апаттың азуында кетіп жатыр. Кейбірінің дерті асқынып, емдеу шипа бермесе, енді біріне қажетті дәрі-дәрмек уақтылы жетпей ажал құшуда. Осылайша отандық фармацевтиканың да үдеп бара жатқан індетке қарсы тұрарлық қауқары азая түскені белгілі.
Медицина • 09 Шілде, 2020
Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ивл) шығарылады
Бүгінде Шымкентте науқастарға аса қажетті құралдың бірі – өкпені жасанды желдету аппараты. Індет жұқтырғандар санының артуына орай шетелден келетін бұл құрал барлық емделушілерге жетпей отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Арнайы мониторинг топ дәріханалардың жұмысын қадағалауда
Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен қатар денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділерінен құралған арнайы жұмысшы топ бірқатар дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мониторинг жүргізді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі-дәрмек бағасын бақылауда
"ANTIKOR ORTALYGY" алаңында "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев пен денсаулық сақтау басқармасының Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гаухар Әлібекова дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тікелей эфир барысында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Мұрат Әйтенов эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға барын салуда
Соңғы аптада Шымкент қаласында ЖРВИ-мен қатар (ОРВИ) пневмония індеті асқынып кетті. Салдарынан шаһардағы ауруханаларда науқастар шамадан тыс артты. Ал, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алды. Жанына шипа іздеген тұрғындар үлкенді-кішілі дәріхана алдында ұзан-сонар кезекке тұрды. Міне осы төтенше жағдай кезінде бағаның күрт өсіп кетуінің алдын алу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен шұғыл топ құрылды. Әрі Шымкенттегі дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын бақылауға көшті. Арнайы топ бірқатар дәрі дүкендерінің бағаны заңсыз көтергендігін анықтап, тиісті шара көрді. Атқарылған жұмыстар туралы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тікелей эфир арқылы тұрғындарға есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Шымкентте дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізу күшейтілді
Шымкентте дәріханалардың жұмысына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар дәріханаларда болып, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу бойынша мониторинг жұмыстарын өзі бақылады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2020
Шымкенттіктер Елорда күнін онлайн атап өтуде
Жыл сайынғы үрдіске сай, Елорда күні мерекесін шымкенттіктер де атап өтуде. Алайда, карантин режиміне байланысты іс-шаралар онлайн түрінде ұйымдастырылуда.
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Шымкент қаласының әкімі уәдесін орындады
Шымкент қаласында 1 шілде күні "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары баспана бойынша мəселе көтерген болатын. Қала басшысы М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген еді. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, бүгін салымшылар қуанышқа кенелді, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Елорда күні қарсаңында Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды
Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты, - деп жазады Egemen.kz