Аймақтар • 10 Шілде, 2019
Түйткілді мәселелер тұрғындармен келісіп шешіледі
«Көп түкірсе – көл» демекші, Түркістанда әкімдік пен жергілікті тұрғындар суару және көгалдандыру мәселелерін бірлесіп шешуде. Сондай-ақ түркістандықтар «тұрмысы төмен жандарға арналған дүкен» тәжірибесін барлық өңірге насихаттамақ.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Шымкентте сәбилерге домбыра тарту етілді
Ұлттық домбыра күніне орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қаладағы перинаталдық орталықтарда «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді. Іс-шарада ассамблея мүшелері шілде айының бірінші жексенбісіне белгіленген ұлық мейрамда бірінші болып жарық дүние есігін ашқан ұл мен қызға ізгі тілек жазылған хат тапсырып, ата-аналарына домбыра мен арнайы сыйлықтар тарту етті. Әрі, домбыраның бұрауын келтіріп, бақытты ата-аналарға күмбірлете күй тартып берді.
Аймақтар • 09 Шілде, 2019
Непалдық кәсіпкер Шымкентте аквапарк салады
Непалдық миллиардер Шымкентте аквапарк салады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілерге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлім етті.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Шымкентте «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды
Үшінші мегаполисте Болат Өтемұратов қорының «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, лентасын қиды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Күнгейде егінге орақ түсті. Түркістан облысында алғаш болып Қазығұрт ауданының шаруалары жаздық бидайды оруға кірісті. Диқандардың діттегені – ауданда 40 400 гектар жерге егілген күздік және жаздық бидай алқабының әр гектарынан 20-25 центнер өнім алу. Ал 4 500 гектардан астам жерге егілген арпаның түсімі 22 центнер болады деп жоспарлануда.
Аймақтар • 04 Шілде, 2019
Шымкентте «Ерікті. Өлшеусіз. Риясыз» акциясы басталды
Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің төрағалары арыстықтарға көрсетіліп жатқан көмек туралы кеңесті. Әрі, «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобын құру мәселесі қаралды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Мегаполисте құрылыс тәртібін сақтамаған 214 тұлға жауапқа тартылды
Шымкент қаласында «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заң талаптарын бұзған 214 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов мәлімдеді.
Аймақтар • 03 Шілде, 2019
Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен арыстықтарға көмек көрсету, қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Апта басынан бері Арыстағы ағайынның ұйқысы тынышталып, бүлінген үйлері жөнделіп, гуманитарлық жәрдемге ие бола бастады.
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады
Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті. Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда.
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
17 секторда қызу жұмыс басталды
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үйлер мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.