Нұршат ТӨКЕН
Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1049 материал табылды

Аймақтар • 05 Шілде, 2019

Күнгейде егінге орақ түсті

Күнгейде егінге орақ түсті. Түркістан облысында алғаш болып Қазығұрт ауданының шаруалары жаздық бидайды оруға кірісті. Диқандардың діттегені – ауданда 40 400 гектар жерге егілген күздік және жаздық бидай алқабының әр гектарынан 20-25 центнер өнім алу. Ал 4 500 гектардан астам жерге егілген арпаның түсімі 22 центнер болады деп жоспарлануда.

Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Шымкентте «Ерікті. Өлшеусіз. Риясыз» акциясы басталды

Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері және этномәдени бірлестіктердің төрағалары арыстықтарға көрсетіліп жатқан көмек туралы кеңесті. Әрі, «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобын құру мәселесі қаралды.

Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Мегаполисте құрылыс тәртібін сақтамаған 214 тұлға жауапқа тартылды

Шымкент қаласында «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заң талаптарын бұзған 214 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов мәлімдеді.

Аймақтар • 03 Шілде, 2019

Құрылыс қарқынды

Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен арыстықтарға көмек көрсету, қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Апта басынан бері Арыстағы ағайынның ұйқысы тынышталып, бүлінген үйлері жөнделіп, гуманитарлық жәрдемге ие бола бастады.

Аймақтар • 02 Шілде, 2019

Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады

Төтенше жағдайды бастан өткерген Арыс жұртшылығы туған қалаларына оралып, тіршілік қыза түсті. Арыстағы барлық банк бөлімшелері ашылып, жұмысын бастап кетті. Тұрғындарға жалақы, атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және жәрдемақы аударылуда.

Аймақтар • 29 Маусым, 2019

Түркістандық журналистер марапатталды

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова бір топ журналисті марапаттады, деп хабарлайды университеттің Баспасөз қызметі.

Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Арыста жарық, сумен жабдықтау жүйелері іске қосылды

28 маусым күні таңғы 8.00-ден бастап Арыс қаласының тұрғындары үйлеріне оралды. Таңғы 6-дан бастап шаңырағына оралғысы келетін адамдар эвакуациялық орталықтардан жолға шықты.

Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Министрлік Арыстағы экологиялық қауіпсіздікке кепілдік береді

28 маусым күні Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте орынтепкен штабта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзагалиев Арыс қаласында жүргізілген зертханалық зерттеулер, радиациялық фон, ауаның, судың және топырақтың сынамалары жөнінде журналистер қауымына брифинг берді.

Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Арыстықтар үйлеріне оралды (видео)

Арыс қаласының тұрғындары бүгін, яғни 28 маусым күні таңғы 8.00-де қалаға кіргізіле бастады. 4 күн бойы Шымкент қаласы мен облыстың өзге де аудандарындағы эвакуациялық орталықтарда күн кешкен тұрғындар ұйымдасқан түрде автобус колонналарымен туған жерлеріне оралды.

Аймақтар • 27 Маусым, 2019

Арыс 17 секторға бөлініп жөнделеді

Арыс қаласындағы жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті назарында.