Мереке • 21 Наурыз, 2024
Тұтас елді ұйыстырған Ұлыстың ұлы күнін елордадағы Достық үйі де ерекше атап өтті. Өзге этнос өкілдері ақшаңқан киіз үйлер тігіп, ас беріп, алыс-жақыннан келген қонақтарға сый-құрмет көрсетіп, думанды той ұйымдастырды.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2024
Еліміз көлемінде әз Наурыздың онкүндігі кеңінен тойланып жатыр. Атыраудағы «Батыс» гарнизоны да көштен қалмады. Қарулы күштер жасағы әскерилері мерекені аға ұрпаққа құрмет көрсетіп, көрісумен бастады.
Технология • 19 Наурыз, 2024
Цифрлық технологияның мүмкіндігі
ІІМ-дегі «Digital Police Day»: «Заң мен тәртіпті цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» тақырыбында өткен форумға мемлекеттік және құқық қорғау органдары, IT-компаниялар, азаматтық қоғамдастықтың өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері және студенттер мен курсанттар қатысты.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Елордада игі істер марафоны жалғасын тапты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғам жанашырлары коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай үлестірді. Бұған қоса Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себетін таратты.
Саясат • 18 Наурыз, 2024
Еліміз халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болғандықтан, басына қиын іс түскен мемлекеттерге қолдан келген көмегін аяған емес. Оған кейінгі жылдың ішінде ғана жан-жаққа жөнелтілген гуманитарлық жүктер дәлел. Гуманитарлық көмектің басым бөлігі Орталық Азиядағы іргелес елдерге көрсетіліп отыр.
Әскер • 14 Наурыз, 2024
Сарбаз құрастырған роботтехника
Ақтаудағы сарбаздар қолда бар құралдардан жауынгерлік машина жасады. Осылайша, «Батыс» өңірлік қолбасшылығындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасының мерзімді қызметтегі сарбаздары роботтехникадан машықтарын көрсетті.
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Заң шығару қызметіндегі жасанды интеллект
Еліміздегі сарапшылар қауымдастығының және мемлекеттік органдардың өкілдері заң шығару қызметіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін талқылап, осы саладағы бірлескен жұмыстың бағыттарына назар аударды. Аталған жиын кеше Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ахуалдық орталығында өтті.
Жастар • 08 Наурыз, 2024
Қазақ жастары дүниежүзілік фестивальге қатысты. Ресейдің Сириус федералды аумағындағы ауқымды іс-шараға елімізден 300-ге тарта азамат барды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған белсенділер бір аптаға жуық уақытта ғылым саласындағы мамандар, саясаткерлер, кино және театр жұлдыздарымен кездесті.
Қоғам • 08 Наурыз, 2024
Биыл қаңтар және ақпан айларында жаңа туған қыз нәрестелерге Медина, Асылым, Айша есімдері жиі қойылыпты. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, сәннен Айлин, Томирис, Сафия, Амина, Раяна, Аяла, Мәриям сынды аттар да түспепті. Мамандар 2023 жылды 2022 жылмен салыстырғанда осы үздік ондықтың еш өзгермегенін байқаған. Айтулы күнде айрықша нәзік есімдерге үңілдік.
Жастар • 05 Наурыз, 2024
Жастардың қаржылық сауаты қай деңгейде?
Қарызды несиемен жабу, азық-түлікті пайызсыз бөліп төлеумен сатып алу қалыпты жағдайға айналғалы қашан. Мұны қымбатшылық қысқан замандағы күнкөріс қамы деп ақтауға болатын шығар. Бірақ жұртқа еріп, кредитке кіріп, соңғы үлгідегі смартфон мен киім-кешекке дейін несие ресімдейтін жастар туралы не айтуға болады? Науқандық «жеңілдікке», әсіресе қалтасында көк тиыны болмаса да, көрпеге қарап көсілуді білмейтін жастар үйір. Салдарымен емес, себеппен күресу үшін жастардың бойында қаржылық сауатты қайтсек қалыптастыра аламыз?