Туризм • 15 Ақпан, 2023
Биыл үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады
Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Ақпан, 2023
Леонардо да Винчи тартылыс заңын Ньютоннан бұрын болжаған
Калифорния технологиялық институтының инженерлері Леонардо да Винчи ауырлық күші туралы тұжырымды ғылыми жаңалық ашылмай тұрып болжағанын айтты. Бұл жөніндегі зерттеу мақала Леонардо журналында жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2023
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаға 68,2 мыңнан астам адам қатысты
Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мың адам қатысып, 55,9 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 17,3 мыңы тұрақты жұмыс тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 14 Ақпан, 2023
Жазу құралдары: Тастан технологияға дейін
«Жазу – ойдың киесін сөзге дарыту». Жазу – қарым-қатынас жасаудың, білгеніңді бөлісудің, сезімдеріңді жеткізудің негізгі тәсілі. Жазу арқылы сезімдер сөзге айналады. Алғашқы адамдар ойындағысын жеткізу үшін сурет салған. Белгі ойлап тапқан. Сосын жазу пайда болған. Әдеби туындылар, ғылыми зерттеулер, тарихи құжаттар осының бәрі жазылып, сақталған. Қазір пернетақтамен компьютерге немесе телефонға жаза береміз. Ал бұрынғы жазу құралдары қандай болған?
Саясат • 14 Ақпан, 2023
7 партия: Мәжіліске кімдер барады? (тізім)
Мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанда аяқталды. Енді Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді 18 ақпанға дейін тіркеуден өткізеді. Содан кейін сайлау алдындағы үгіт-насихат басталады. Қазірдің өзінде бірнеше партия кандидаттары тіркеліп үлгерді. Биылғы сайлау науқанының ерекшелігі, саяси додаға 7 партия қатысып отырғаны белгілі. Сонымен саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің сайлауына ұсынылған кандидаттар тізімін тағы бір шолып өтсек.
Саясат • 14 Ақпан, 2023
«Ауыл» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, 7 ақпанда «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
«Scopus сүріндіріп тұр»: ғалымдар кейбір талаптарды қайта қарауды сұрады
Бірнеше жыл бұрын Scopus деректер базасына гуманитарлық салалалар бойынша, соның ішінде ұлттық мәселелерге қатысты ғылыми мақалаларды жариялаудың қажеті жоқ, бұл талапты алып тастасақ деген ұсыныс айтылып, қызу талқыланған еді. Жақында осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 7 бұйрығы жарық көрді. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қаңтарда № 31654 болып тіркелген). Онда қазақ тілі мен әдебиетіне, қазақ филологиясына, Қазақстан тарихына, қазақ философиясына қатысты білім беру бағдарламалары бойынша оқитын докторанттар үшін Scopus (Скопус) деректер базасындағы журналдарға мақала жариялау міндетті емес делінген. Сол сияқты, ғалымдар журналистика, саясаттану, философия секілді салалар үшін де аталған талап күшін жойғаны жөн дейді.
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
Үкімет басшысы мектептерде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Әлихан Смайылов жуырда Петропавлдағы мектеп қабырғасында болған оқыс оқиғаға халық алаңдаулы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
Биыл магистральдық газ құбырларына жөндеу жүргізіледі
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай қаласына жұмыс сапарымен барып, өңір тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2023
«Күміс жас» жобасы бойынша қанша адам жұмыспен қамтылды?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 2022 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде 3080 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.