Ғылым • 20 Ақпан, 2023

Өңірдегі ғылымды дамыту: үшжақты меморандумға қол қойылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Жұбанов университетінде дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірдегі ғылымды дамыту: үшжақты меморандумға қол қойылды

«Өткен жылдан бастап министрлік осындай қоғамдық лекцияларды өткізе бастады. Яғни әр өңірге өзім арнайы барып, ұжыммен, студенттермен кездесіп, университеттердегі проблемаларды өз көзіммен көріп, оның шешілуіне атсалысатын боламын», деді Саясат Нұрбек дәріс барысында.

Министр ғылыми мүмкіндіктерді дамыту мәселесін де қозғады.

«Біздің басым бағытымыз өңірлік университеттерге көшеді. Өткен үш айдың ішінде барлығын зерттеп білдім, орталықтардағы үлкен университеттердің инфроқұрылымы жақсы. Ал өңірлердегі ЖОО-лар министрліктің назарынан тыс қалып отыр», деді ол.

Дәрістен кейін ведомство басшысы университеттің Ғылыми кеңес мүшелерімен арнайы кездесті.