Пайдалы қазбалар • Кеше
Кен орнындағы рекордтық көрсеткіш
Кейінгі жылдары жер қойнауын тиімді игеру, геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру жұмыстары қарқын ала бастады. Былтыр Президент тапсырмасы бойынша саланы жүйелі жаңғыртудың нәтижесінде пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынды. Әйткенмен, пайдалы қазбалардың едәуір бөлігі әлі де шикізат күйінде экспортталып отыр.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді.
Мирас • 27 Қаңтар, 2026
Семей қаласында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы мен өңірлік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесуімен ашылды.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Халық әртісі – филармония директоры
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков тағайындалды.
Несие • 23 Қаңтар, 2026
Агроөнеркәсіпті кешенді түрде дамыту – еліміздің басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауыл кәсіпкерлігін қолдауды, фермерлік шаруашылықтардың өсуіне жағдай жасауды тапсырған болатын. Осы тұрғыда «Ауыл аманаты» жобасы ауыл экономикасын дамытуға, ондағы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді құралға айналып отыр.
Таным • 23 Қаңтар, 2026
Бұл жәдігер – 1885 жылы Абай Құнанбайұлы төбе би болған Қарамола съезінде қабылданған жарғы. Заң Қазан қаласындағы Императорлық университеттің баспаханасынан басылып шықты.
Өнер • 16 Қаңтар, 2026
«Еңбек адамы», «жұмысшы маман» дегенде, хакім Абайдың «Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол» деген сөзі ойыма оралады.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026
Облыс орталығының оңтүстік-шығысында 55 шақырым жердегі Камышенка ауылына дәл жаңа жыл кешінде жолға шыққан едік.
Шаруашылық • 14 Қаңтар, 2026
Жылқыны асылдандыру – маңызды мәселе
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында: «Біз «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп, арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпардың тұяғымен жазылған» деген еді. Бұл – халқымыздың жылқыға деген құрметінің, сондай-ақ аталған саланың мемлекет үшін стратегиялық маңызының айқын көрінісі.
Тағзым • 14 Қаңтар, 2026
«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері
Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілісте Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға Сансызбай Иісұлы еді.