Денсаулық • 31 Қазан, 2023
Егде жастағыларды емдейтін орталық
Заман озған сайын адам тәні тоза беретіні ақиқат. Әйткенмен адам баласының басқа жаратылыстан ерекшелігі сол, қай қиындыққа да қол қусырып қалмаған. Күллі тарихы күреске толы. Тағдырдың сызығы таусылғанша өмірді мәнді де мағыналы, саулықта сүрудің сан қилы соқпағын саралап келеді. Осының бір айғағы – геронтология ғылымы.
Жануарлар • 29 Қазан, 2023
Өскен жерге сыймай кетіп барады...
Кейінгі аптада әлеуметтік желілерде еліміздің аумағында киіктердің бей-берекет ауланып жатқаны туралы алыпқашпа әңгімелер үдеп кетті. Жарияланымдардың бірінде киіктердің ішек-қарыны, басқа да қалдықтары қалай болса солай шашылып жатқаны көрсетілсе, тағы бір видеода 40-50 киікті көлікке тиеп алған азаматтарды полицияның тоқтатқаны байқалады. Әрине, киік санын азайту шаруалар мүддесін көздеген мәжбүрлі шара екенін көпшілік түсініп отыр. Алайда көлденең әңгіме көбеймес үшін жабайы жануарды аулау үдерісі ашық жүргізілуі қажет. Бүгінге дейін қанша киік ауланды? Оның еті кәдеге қалай жаратылады? Мүйізі қайда өткізіліп жатыр? Одан қанша қаражат түседі? Киіктің браконьер олжасына айналмайтынына қандай кепілдік бар? Өкінішке қарай, бұл сұрақтарға Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктері, құқық қорғау органдары тарапынан мардымды ақпарат болмай тұр. Киік мемлекеттің байлығы саналатындықтан, бұл мәселеге қатысты іс-шаралар айқын да ашық жүргізілуге тиіс. Сонда көпшіліктің көңілінде де күмән болмас еді. Яғни Үкімет киікті аулаудан бастап, іске жаратуға дейінгі тетікті халыққа көрсетіп, бұл істің осы талапқа сай жүргізілуін қатаң сақтауға тиіс.
Қоғам • 25 Қазан, 2023
Ұлт ұстазы Ақаң жүйесімен айтсақ, әне-міне «әлхамдулла, 20 миллион болдық» дейтін күнге де жеткелі отырмыз. Енді сонша халықты қалай асыраймыз деуге де, демеуге де болады. «Қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» деген сөз бар-ды. Өйткені демографияның өсуі – экономиканың тірегі екені заңды құбылыс.
Денсаулық • 24 Қазан, 2023
Орталық қоммуникациялар алаңында онкологиялық ауруларға қарсы ем-шаралардың жұмысын жетілдіру жөнінде баспасөз жиыны өтті. Дөңгелек үстелге Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Диляра Қайдарова, Көпсалалы медицина орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Әсел Қыдыралиева қатысты.
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Жығылғанға – жұдырық немесе виктимблэйминг дегеніміз не?
Кейде қоғам қорғансыздың өзін айыптап жататын жағдайлар жиі ұшырасады. Мұны Еуропа «виктимблэйминг» деп атайды. Бұл терминді алғаш рет психолог Уильям Райан 1971 жылы жарық көрген «Blaming the Victim» атты кітабында қолданған. Ағылшын тілінен аударғанда «жәбірленушіні кінәлау» дегенді білдіреді. Қазақтың сөзімен айтқанда, «жығылғанға – жұдырық» дегенге саяды.
Қазақстан • 19 Қазан, 2023
Еліміз Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауымдастығының (WAPES) 81-мүшесі болып қосылды.
Олимпиада • 19 Қазан, 2023
Ханчжоудағы ойындардан қандай нәтиже күтеміз?
Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз жиынында санаулы күннен кейін басталатын ІV жазғы Азия параойындарда Қазақстанның спортшылары ел намысын қалай қорғайтыны туралы айтты.
Форум • 17 Қазан, 2023
Қазір азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің замана талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын екені белгілі. Азаматтық қоғамды қалыптастыру тетіктері «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі» атты XI Азаматтық форумда жан-жақты талқыланды.
Еңбек • 11 Қазан, 2023
Жеңілдетілген несие: Ұқсата білген ұтылмайды
Елімізде кейінгі бірнеше жылдың бедерінде еңбек құндылығын бағалау және еңбек адамының мәртебесін арттыру секілді іскерлік бағытта біршама ілгерілеу байқала бастады. Әсіресе жас кәсіпкерлердің алғашқы қадамын нықтап, аяққа тұрып кеткенше мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің орны бөлек.
Қоғам • 10 Қазан, 2023
Елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүгедектігі бар адамдарды қолдау күні болып белгіленген. Қазір елімізде ерекше қажеттілікке мұқтаж 7 мыңнан аса адам тұрады.