Мереке • 22 Қыркүйек, 2023
Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні. Айтулы датаның мақсаты – қоғамдағы қарапайым еңбек адамының беделін өсіру, еңбек әулетіндегі көпжылдық дәстүрді одан әрі нығайту және еңбекшіл қоғам құру идеясын насихаттау.
Ұлттық спорт • 19 Қыркүйек, 2023
Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қатысқан командалар соңғы 50 шақырымды еңсеріп, еліміздің рухани астанасы Түркістан шаһарына табан тіреді. Жарысты соңына дейін жалғастырған 4 команданың ішінде Жетісу облысының жігіттері топ жарып, мәре сызығын бірінші болып қиды. Ал Маңғыстау облысының 21 жасар шабандозы рекорд орнатты.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Ресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде күн сайын бір-екі бала суицидке барады немесе соған қатысты әрекеттер жасайды. Бір тәулікте 342 адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса, балалар арасында 5 қылмыстық оқиға тіркеледі. Жылына 150 бала терезеден құлайды немесе кәріз құбырына секіріп кетеді. Мұның көбі буллингке байланысты туындайтынын байқаған зерттеушілер.
Ұлттық спорт • 15 Қыркүйек, 2023
Астана қаласының іргесіндегі Қаражар ауылынан аттанған салт аттылар межелі жолдың жартысынан асып, Жезқазған жерін басып өтті. Әзірге Қостанай, Маңғыстау облыстарымен қатар Астана қаласының командалары бәйгенің алдында келеді.
Жануарлар • 13 Қыркүйек, 2023
Киіктің киесі, шаруаның шығыны
Былтыр киіктердің санын реттеу мәселесі көтерілген. Биыл да айтылып жатыр. Тіпті қазір киіктердің популяциясын басқару жөнінде Үкіметтің қабылданған қаулысына сәйкес киік саны 20% реттелмек. Бұл жұмыс 15 қыркүйектен басталады.
Несие • 12 Қыркүйек, 2023
Шағын несие шыр айналдырмай ма?
Еліміздегі ата-аналардың үштен бірінен астамы жыл сайын балаларын мектепке дайындау үшін шағын несие алуға мәжбүр болып отыр. Бұл «Бүгін оқушыны шырайландырғанымен, ертең ата-ананың шарадай басын шыр айналдырмай ма?» деген сауал толғандырады.
Отбасы • 10 Қыркүйек, 2023
«Отан – отбасынан басталады». Отанымыздың еңсесі биік, керегесі кең болуы үшін қаланған уықтың берік болуы маңызды. Сондықтан әр отбасы мемлекеттің тірегі екені сөзсіз. Осынау құндылықты дәріптейтін дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының кезекті кезеңі қорытындыланып, Астана төрінде жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.
Елорда • 07 Қыркүйек, 2023
Астана: көші-қонды реттеген жөн бе?
Астананың Қоғамдық кеңесі қаланың 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған Бас жоспары жобасын талқылау кезінде халық саны мәселесі көтеріліп, жақсы өмір сүру үшін аймақтардан елордаға көшіп келіп жатқандардың қатары шамадан тыс ұлғайып бара жатқаны сөз болды.
Ұлттық спорт • 07 Қыркүйек, 2023
Елдік пен ерлікті шыңдайтын жорық
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесіне әр өңірден 19 команда қатысты. Олар кеше елорда іргесіндегі Қаражар ауылынан жорыққа аттанып кетті. Шабандоздар 1 300 шақырым қашықтықта жарысатын марафон-бәйге 19 қыркүйек күні Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан шаһарында өз мәресіне жетеді.
Ұлттық спорт • 06 Қыркүйек, 2023
Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт түрлерінен VI фестивальдің ашылу салтанаты өтті. Алдағы бес күн бойы 1 300-ден аса спортшы 11 спорт түрінен сайысқа түседі.