Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Егемен Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2023

IQas кубогі – «Егеменде»

Ойнай отырып ойлай білетін орта қалыптасып келеді. Олар – заманауи әрі креативті ойлайтын жастар. Оларды табыстырған көңілді куиз интеллектуалды ойын алаңы. Осындай зияткерлік бәйгеде «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілер қосыны ой оздырып, топ жарған еді.

Спорт • 27 Қараша, 2023

Атажұрттағы баскетбол жарысы

Атажұртқа алыс-жуық шетелдерден келіп, білім алатын қазақ жастарының қатары азайған емес. Жыл сайын қандастар арнау­лы 4 пайыздық квотамен ғана грант конкурсына қатысып, білім алып жатыр. Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» бүгінде қандас жастардың тек білім алып қана қоймай, қарашаңырақ Қазақ еліндегі қоғамдық ортаға бейімделуіне және саламатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөліп отыр.

Жоба • 23 Қараша, 2023

Арманға қанат бітіретін оқу

Елордадағы AstanaHub IT-стартаптар технопаркінде ITeachMe инклюзивті жобасы аясында жетінші маусым жеңімпаз­дары марапатталды. ITeachMe жобасы негізінен мүгедектігі бар жас­тар үшін қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойын­ша тегін оқудан өтуге бірегей мүмкіндік береді. Онда SMM, копирайтинг, мобилография, графикалық дизайн, UI/UX және motion дизайн секілді мамандықтар бар.

Денсаулық • 31 Қазан, 2023

Егде жастағыларды емдейтін орталық

Заман озған сайын адам тәні тоза беретіні ақиқат. Әйткенмен адам баласының басқа жаратылыстан ерекшелігі сол, қай қиындыққа да қол қусырып қалмаған. Күллі тарихы күреске толы. Тағдырдың сызығы таусылғанша өмірді мәнді де мағыналы, саулықта сүрудің сан қилы соқпағын саралап келеді. Осының бір айғағы – геронтология ғылымы.

Қоғам • 25 Қазан, 2023

Әлеуметтік реформалар табысы

Ұлт ұстазы Ақаң жүйесімен айтсақ, әне-міне «әлхамдулла, 20 миллион бол­дық» дейтін күнге де жеткелі отыр­мыз. Енді сонша халықты қалай асыраймыз деуге де, демеу­ге де болады. «Қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» деген сөз бар-ды. Өйткені демографияның өсуі – экономиканың тірегі екені заңды құбылыс.

Олимпиада • 19 Қазан, 2023

Ханчжоудағы ойындардан қандай нәтиже күтеміз?

Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз жиынында санау­лы күннен кейін басталатын ІV жазғы Азия параойындарда Қазақ­станның спортшылары ел намысын қалай қорғайтыны туралы айтты.

Форум • 17 Қазан, 2023

Астанадағы азаматтық форум

Қазір азаматтық қоғамы ілгерілемеген елдің замана талабына, уақыт сұранысына сай дамуы қиын екені белгілі. Азаматтық қоғамды қалыптастыру тетіктері «Құқықтық мемлекет құру үшін билік пен қоғамның серіктестігі» атты XI Азаматтық форумда жан-жақты талқыланды.

Еңбек • 11 Қазан, 2023

Жеңілдетілген несие: Ұқсата білген ұтылмайды

Елімізде кейінгі бірнеше жылдың бедерінде еңбек құндылығын бағалау және еңбек адамының мәртебесін арттыру секілді іскерлік бағытта біршама ілгерілеу байқала бастады. Әсіресе жас кәсіпкерлердің алғашқы қадамын нықтап, аяққа тұрып кеткенше мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің орны бөлек.

Қоғам • 10 Қазан, 2023

Әлсіз топтың әлеуеті

Елімізде қазан айының екінші жексенбісі Мүге­дектігі бар адамдарды қолдау күні болып бел­гі­ленген. Қазір елімізде ерекше қажеттілікке мұқ­таж 7 мыңнан аса адам тұрады.

Қоғам • 10 Қазан, 2023

Ақылы автотұрақ «ақылға» келді

Енді Астана тұрғындары аула ма­ңын­дағы ақылы авто­тұрақ­тарды те­гін пайдалана алатын болды.