Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Жабыққан жанға жігер берген

Астанада Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Autism Talks: ерекше балаcы бар отбасылардың жігер берер оқи­ға­­лары» атты мотивациялық кездесу өтті. Аталған жиында ерекше оқи­ға­­лар баяндалды.

Экология • 31 Наурыз, 2023

Пластик қалдығын кәдеге жаратсақ

Қазір қоршаған ортаны пластик қалдықтардан тазарту – күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Өйткені жүздеген жыл бойы шірімейтін пластмасса өнімдердің табиғатқа тигізер зияны орасан. Бұл ретте пластик қалдықтарын тиімді пайдалану, қайта өңдеп кәдеге жарату өзекті мәселені шешудің бір жолы ретінде аталып жүр.

Спорт • 30 Наурыз, 2023

Ойламаған жерден оза шапты

26 наурыз қазақ спорты тарихындағы елеулі күндердің бірі болып қалатыны сөзсіз. Дәл осы күні Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы даңқты Данияны 3:2 есебімен жеңіп, дүниені дүр сілкіндіргені белгілі. Бұл сілкініске Жапонияның Осака қаласында жалауы желбіреген кәсіпқой сумо күресінде отандасымыз Кинбозан Ерсін Балтағұл да дүбір қосты.

Қоғам • 30 Наурыз, 2023

12 майдангерге – 800 мың теңгеден

2017 жылдан бері Астана қаласының әкімдігі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлер мен олардың артында қалған жұбайларына қомақты әлеуметтік көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Сонымен, аталған әлеуметтік көмектің нақты көлемі қанша және бұл қанша жанға беріледі?

Қоғам • 17 Наурыз, 2023

Қандастарды баспанаға бастайтын «баспалдақ»

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 ақпан­дағы бұйрығына сәйкес, отандастарды ерікті түрде көшіру қағидаларына бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұйрық 13 наурыздан бастап қолданысқа енді.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2023

Меценаттар мейірімі

Қазір қоғамда меценат қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Бұл енді-енді дамып келе жатқан құбылыс екені мәлім.

Қоғам • 07 Наурыз, 2023

Дімкәс жандарға дұрыс күтім жасауды үйретеді

Астанада Qoldau консультациялық орталығы ашылды. Бұл – қамқорлыққа мұқтаж адамдарға ұзақ мерзімді күтім жасайтын екінші орталық. Біріншісі 2021 жылы Алматыда ашылған еді. Мұндай бастама Польша, Литва, Ресейде және Еуропа елдерінің тәжіри­бесінде бар.

Спорт • 02 Наурыз, 2023

Жапон күресінің жампозы

12 наурызда Жапонияның Осака қаласында жалауы жел­бірейтін кәсіпқой сумо күресі кілемінде тарихта қазақ балуа­ны белдеседі. Ол – Ерсін Балтағұл. Жапонша лақап аты – Кинбозан.

Суицид • 01 Наурыз, 2023

Жел синдромының салқыны

Кейінгі кезде мектептегі зорлық-зомбылық пен әскердегі суицид көбейіп кетті. Тіпті аптасына болмаса да, айында мұндай жантүршіктірерлік жағымсыз ақпараттарды көзіміз шалып жүр.

Маман • 27 Ақпан, 2023

«Ата жолы» картасы: Қажетті кадрлардың қатарын қандастар толтырады

Адам капиталын дамытуда еңбек нары­ғындағы сапалы кадрларды арттырудың маңызы зор. Бұл бағытты ішінара шетелден пайдалы жұмыс күшін тарту арқылы да ілгерілетсек, ұтылмасымыз анық. Осыған баса мән берген Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында тиімді көші-қон саясатына тоқталып, шетелден білікті мамандарды шақырту керек екенін атап өтті. Ал мұндай талапқа сай келетін мамандар шетте туып-өскен өзіміздің қаракөздеріміз болса, құба-құп. Осындай мүмкіндік тудыратын «Ата жолы» картасы биылдан бастап қолға алынып отыр.