
Құқық • 16 Қаңтар, 2025
Жұмыскер құқын қорғайтын қадам
Әдетте ресми жұмыспен қамтуды кейбір жұмыс берушілер ұйымның таза кірісін төмендететін қосымша шығын ретінде қабылдайды. Тәжірибе мұндай жұмыс берушілердің еңбек қатынасында өз ережелерін орнататынын көрсетіп отыр. Сол тұрғыда елімізде енгізіліп жатқан Жосықсыз жұмыс берушілер тізілімі еңбекші мүддесін қорғаудың, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылауды күшейтудің, сала кодексін бұзу жайттарын жария етудің сенімді құралы болмақ.
Сараптама • 11 Қаңтар, 2025
Тариф түзілімінің жаңа қағидасы
Биылдан бастап елімізде электр энергиясы, су, газ сынды маңызды ресурстарға тарифті есептеудің тұтыну көлемі төлем құнына тікелей әсер ететін жаңа ережелері күшіне енеді. Коммуналдық саладағы ауқымды реформалардың бір бөлігі инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігімен қатар, табиғи ресурстарды үнемдеу мен тиімді пайдалану факторларына негізделген.
Медицина • 09 Қаңтар, 2025
Жалған дәрі-дәрмек жойылар емес
Дамушы елдердегі әрбір оныншы препарат – контрафакт деген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне біздегі ахуал бас изеткендей. Елде жалған дәрілік заттар айналымы 10-12 пайыздан асқан. Яғни ауруына ем іздеген жұртқа сертификатталмаған, сапасыз, тіпті кейде қауіпті дәрі-дәрмек кезігуі мүмкін.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
Мемлекеттік қолдаудың ерекше технологиясы
Азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде инновациялық шешімдерге сүйену – заман талабы. Халықтың қаржылық дағдыларын айтарлықтай өзгертіп, жекелеген санаттардың өмір сүру сапасын жақсартатын сондай жобаның бірі – әлеуметтік әмиян алдағы жылы елімізде толығымен енгізілмек.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Көші-қон қарқыны күшті бірақ «медальдің екінші жағы» нені көрсетеді?
Инфрақұрылымның, өмір сүру деңгейінің жалпы жақсаруы, жұмысқа орналасу мүмкіндігінің кеңеюі арқасында ірі қалалар адамдарды өзіне көбірек тартатыны белгілі. Бірақ бұл үдеріс тұрғындары шамадан тыс толған мегаполиске де, халқы сиреп, қатары кеміген шағын елді мекендерге де үлкен сын-тегеурін.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Әлем әлеуметтік қорғауға мұқтаж
Әмбебап әлеуметтік қорғау әділ қоғам мен тұрақты экономиканы құруға, жұмыс орындарын қайта құрылымдау мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге зор үлес қосады. Бұл жерде Халықаралық еңбек ұйымы жаһандық Орнықты даму мақсаттарының орындалу сипатын сарапқа салып, әлеуметтік қорғаудың климаттық өзгеріске бейімделу саясатымен үйлесіміне баса назар аударды.
Қоғам • 08 Қараша, 2024
Дене тәрбиесіне кешенді көзқарас керек
Ұлт болашағын дені сау, мақсаты айқын, әлеуметтік белсенді ұрпақпен байланыстыра отырып, сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету – әрбір мемлекеттің көп заманнан бері келе жатқан басымдығы. Осы үздіксіз үдерісте еліміздің қолданыстағы дене шынықтыру тәжірибесін неғұрлым тиімді, икемді бағытқа бұруға ұмтылатыны заңдылық.
Экология • 01 Қараша, 2024
Табиғи құбылыс адамға әрдайым пайда әкеле бермейді. Айтып келмеген апат материалдық құндылықтарды қиратып қана қоймай, халықтың қалыпты өмірін бұзады. Бүгінде климаттың өзгеруімен, қарқынды урбандалумен, индустрияландырумен ушыға түскен апаттар ауқымы қоғамның тұрақтылығын арттыру міндетін өзекті етіп отыр.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Әлеуметтік сәйкестіктің қыр-сыры
Қоғамда болып жатқан өзгерістерді жан-жақты зерделеп, талдауда, түрлі салада шешім қабылдаудың ғылыми негізін қалыптастыруда әлеуметтанушы қауымның көтерер жүгі салмақты. Жаһандану жағдайында ғалымдар мен сарапшылар әлеуметтік ғылымның түрлі саласындағы деректермен, теориялық әдістермен алмасу арқылы қоғамдағы күрделі құбылыстарды, соның ішінде сәйкестік мәселесін тұтас, толыққанды түсінуге тырысады.
Digital • 11 Қазан, 2024
ЖИ: Ақырғы шешім – адамның қолында
Қазіргі ұшқыр уақытта серпінді технология түрлі салаға дендеп еніп жатыр. Адам ресурстарын басқаруда жасанды зерде мүмкіндігін пайдалану маман тиімділігін арттырудың, бизнес үдерістерін оңтайландырудың негізгі факторына айнала бастады.