Қоғам • 17 Тамыз, 2024
Пестицид: Қажеттілік пен қауіпсіздік арасы
Жеміс-көкөніс өнімдеріне сұраныстың артуымен зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді барған сайын қарқынды және бақылаусыз пайдалану байқалады. Оған қоса климаттың жаһандық жылынуымен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы өзгеріп, жаңа індеттер пайда болды. Осыған байланысты FАО (БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мамандары қауіпті препараттарды қолдануды барынша азайтып, кейін олардан толық бас тартуға көмектесетін заманауи әдістерге назар аударып отыр.
Құқық • 16 Тамыз, 2024
Келісімшартсыз жұмыстың кемшін тұсы
Еңбек етуден түсетін табыс күнкөріс көзі болуымен қатар, адамның әлеуметтік өмірінің әрбір қатпарын қамтиды. Сондықтан жұмыскердің құқықтары мен мүдделеріне қандай да бір кепілдіктерді белгілеу өте маңызды. Бұл тұста әлеуметтік саланың бұлжымас бөлігі саналатын еңбек қатынастары көбіне күрделі, көпжоспарлы болып келетіні мәлім.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
Қазіргі күні еліміздегі ең төменгі жалақы (ЕТЖ) нақты медиандық жалақы және кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін көрсететін еңбек өнімділігі бойынша статистикалық деректер негізінде есептеліп жүр. Дегенмен жуырда «Ашық НҚА» порталында еңбекті төлеу саясатына елеулі өзгеріс әкелетін заң жобасы жария талқылауға шықты. Осылайша, ел Үкіметі Халықаралық еңбек ұйымының Дамушы елдер ерекше ескеретін ең төменгі жалақыны белгілеу туралы 131-конвенциясын ратификациялауға ниетті.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Алматыда қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, экологияға қамқорлық жасауға және әрбір адам денсаулық жағдайына қарамастан толыққанды өмір сүре алатын тең мүмкіндіктер қоғамын құруға бағытталған бірегей фестиваль өтті. Экология мен инклюзия үрдістерін біріктірген ауқымды отбасылық іс-шараға 4 мыңнан аса адам жиналды.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Күн қуатына негізделетін зауыт
Энергетикалық кешеннің келешегі экологиялық санамен, орнықты дамумен қатар қойылатын дәуірлік үрдісте еліміз күн, жел және су есебінен қуат өндіруге көбірек бет бұра бастады. Елдегі жаңғырмалы энергия көзінің үлесін арттыруға бағытталған сондай жобаның бірі Алматыда өріс алмақ. Арнайы экономикалық аймақта күн панельдерін шығаратын зауыттың іргетасы қаланды.
Экономика • 20 Шілде, 2024
Қазандық жайынан хабардар болыңыз!
Электр энергетикасы инфрақұрылымының тозуы елімізді талайдан толғандырып келеді. Ескірген электр стансалары толық қуатта жұмыс істей алмай, жиі істен шығып жатады. Апатты жағдайдағы электр мен жылу желілері тасымалданатын энергияның шамадан тыс жоғалуына да себеп. Проблеманың бір шешімі «Тарифті инвестицияға айырбастау» тетігін тиімді жүзеге асыру болуға тиіс.
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Кейінгі жылдары медициналық қызметтер сапасын арттыру жолында көп жұмыс атқарылды. Десек те мүгедектікті белгілеу тәртібіндегі, сондай-ақ осы санаттағы адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудегі түйткілдер түбірімен шешілді деуге әлі ерте.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Орталық Азия көміртегі бейтараптығы өткелінде қуаттың балама ресурстарын пайдалану және елдерді тұрақты болашаққа жақындататын энергетикалық инфрақұрылымды өзгерту тұрғысынан мол әлеуетке ие. Аймақтың жылу энергетикасының көмірден газға ауысуы, жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан жылу электр стансаларының беріктігін қамтамасыз ету мәселесі Алматыда өткен II халықаралық форумда сарапталды.
Қоғам • 03 Шілде, 2024
Уақыт талабына сай кеңседегі жұмыс орнына сұраныс төмендеп, әркез өзектілігін жоғалтпайтын жұмысшы мамандығының мәні артты. Онсыз тауар өндіру, үй салу, инфрақұрылым тарту және басқа да көптеген маңызды жүйенің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мүмкін емес.
Мәдениет • 25 Маусым, 2024
Биыл Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Тарихы терең, дәстүрі бай бірегей өнер ошағының айтулы мерейтойы аясында Алматыда музыкалық қойылымдардың I театр фестивалі бастау алды.