Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Үкімет • 16 Тамыз, 2023

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Ел экономикасы 7 айдың қоры­тын­дысына сәйкес 4,8%-ға өсті. Бұл туралы Премьер-ми­нистр Әлихан Смайыловтың төр­ағалы­ғы­мен өткен Үкімет отыры­сын­да Ұлттық экономика ми­нистрі Әлібек Қуантыров айтты. Оты­рыста еліміздің әлеумет­тік-эконо­микалық даму қоры­тын­дылары мен республикалық бюд­жет­тің атқарылуы және өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы қаралды.

Қоғам • 16 Тамыз, 2023

Тұрғын үй кезегі жүйеленді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол 232 мың азамат әкімдіктердің тұрғын үй алу кезегінен шығарылуы мүмкін екенін айтты.

Қоғам • 10 Тамыз, 2023

Жол сапасын жақсартатын жоба

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық ғылымды дамытуды қолдау туралы тапсырмасы аясында Алматы қаласында жол құрылысы саласында жаңа технологияларды зерделеу, әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша журналистерге баспасө­з турын ұйымдастырды. 

Саясат • 09 Тамыз, 2023

Халық толғандырған мәселелер – Үкімет назарында

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қарағанды облысында балалардың жаппай улану жағдайы, сондай-ақ су тасқынына, көші-қон мәселелері мен бір жылда 1 000 мектепті жаңғыртуға қатысты проблемалар қаралды.

Балалар • 09 Тамыз, 2023

600 бала саяхаттан оралды

«Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының 600 жеңімпазы «Туған елге саяхат» туристік пойызымен 15 мың шақырым жол жүрді. Еліміздің барлық аймағынан жиналған дарынды балалар сая­хаттан көп сабақ алған.

Қоғам • 07 Тамыз, 2023

Трансұлттық дәліздің әлеуеті қандай?

Қазақ елінің географиялық жағынан Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті көктей өтетін трансұлттық дәліздердің ортасына орналасуы Еуразия аталатын алып кеңістікте өте үлкен жобаларға жол ашады деп небір саңлақ сарапшылар қаншама рет айтқалы қай заман? Әттең-айы, ел-жұрт ол ойдан әлі қомақты нәтиже көрген жоқ.

Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Егіннің жауы – арамшөп

Жерге дән сеуіп, егін өсірген елдің «бас ауруының» бірі – арамшөп. Егіннен бұрын бой көтеріп алатын арамшөптің жаны сірі, тамыры мықты. Оны түп-тамырымен жоймасаң, егініңнің еңсе тіктеп, өнім беруі екіталай. Таяуда «Жаңа дала» халықаралық агрокөрмесінде «Щелково Агрохим-KZ» компаниясының ғылыми қызметкері Жексенби Қайыржановпен кездесіп, көрме туралы және компанияның қызметі жөнінде ой-пікірін білдік.

Қоғам • 02 Тамыз, 2023

Машина жасаудағы жаңа жобалар

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында машина жасау саласын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар қаралды. Онда Қазақстан машина жасау саласы өнімдерінің экспортын 3 есе арттыруды жоспарлап отырғаны айтылды. Отырыста бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері де күн тәртібіне шықты.

Қазақстан • 01 Тамыз, 2023

Импортты алмастыратын отандық өнімдер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әрбір өнеркәсіп өнімін барынша тереңдетіп өңдеу және қоршаған ортаға зиянын тигізбей өндіру қажеттігін тапсырғаны белгілі. «Шұбаркөл көмір» АҚ – дәл осындай талап үдесінен шыққан кәсіпорынның бірі. Бір өнімді тереңдете өңдеп, одан елге аса қажет бірнеше қат дүние шығарып отырған кәсіпорын болашағынан көп үміт күттіреді.

Құрылыс • 01 Тамыз, 2023

Күрделі жөндеу басталды

Көкшетау мен Атбасар арасын жалғап жатқан күрежолдың жағдайы көптен бері жұрт аузында жүр еді. Өткен аптада оны жөндеу жұмыстары басталып кетті.