Көрме • 10 Желтоқсан, 2024
Елдік мақсатты бедерлеген туындылар
Алматыдағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған «Ұлағатты ұрпақ» атты Суретшілер одағының республикалық есептік көрмесі ашылды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2024
Ұлт өнерінің алтын ұясы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының құрылғанына биыл 60 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай «Almaty Theatre» сахнасында мектептің рухани әлеуетін, дарынды балалардың шеберлігін көрсеткен концерт ұйымдастырылып, салтанатты жиынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі өнер қайраткерлері мен мәдениет саласының майталмандары, дарынды балалар мектебінің әр жылғы түлектері қатысты.
Өнер • 03 Желтоқсан, 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өнер сүйер қауымға Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтау және Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл толуына орай «Хан Сұлтан. Алтын Орда» атты опера спектаклін ұсынды. Алматылықтар және қала қонақтары үш күн бойы ортағасырлық алып мемлекет – Алтын Орданың құрылуына куә болып, ғасырлар қойнауына жетелейтін, ұлы сезімге толы естен кетпес саяхатты бастан кешті.
Көрме • 03 Желтоқсан, 2024
Алматы музейінде қазақтың тұңғыш академигі, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы, оның тұңғыш президенті, кеңес одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Ғылымға арналған ғұмыр» атты көрме ашылды.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
«Қазпошта» КСРО халық әртісі, Қазақстан мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан көрнекті опера әншісі Бибігүл Төлегенованың туғанына 95 жыл толуына орай пошта маркасын шығарды. «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясындағы марка – бес маркадан тұратын пошта блогі. Марка 4 түсті бояумен офсеттік үлгіде басып шығарылған. 5000 данамен таралған марканың номиналы – 450 теңге.
Кино • 22 Қараша, 2024
Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырады
Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің ашылуына орай ауқымды баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының» қолдауымен ұйымдастырылып отырған Орта Азиядағы ең ірі кинофестиваль биыл үш бірдей мерейтойдың құрметіне – ұлттық кинонының негізін қалағандардың бірі Шәкен Аймановтың 110 жылдығына, «Қазақфильмнің» 90 жылдығына, киностудияға Ш.Айманов есімінің берілгеніне 40 жыл толғанына арналып отыр.
Өнер • 16 Қараша, 2024
Қазақстанның халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туғанына 100 жыл толуына орай Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Суретші және ғалым. Дәуір бейнелері» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде алуан түрлі тақырыпты толғаған суретші шығармашылығындағы ең таңдаулы туындылар ұсынылды. Н.Нұрмұхаммедов – қырық жылға жуық шығармашылығында өнімді еңбек еткен, соңына үлкен мұра қалдырған талантты қылқалам шебері.
Форум • 05 Қараша, 2024
Париж форумында Президент архиві ерекшеленді
Өткеннен сыр шертетін әрбір құжат – терең қатпарлы көне тарихымыздың бір бөлшегі, әрбір архив – тұтас ұлттың жады, ал оны сақтау – бүкіл адамзатқа жүктелген үлкен жауапкершілік. Осынау қастерлі міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еліміздегі архивтердің ауқымды желісі қазіргі таңда 223 мемлекеттік архивтен, сондай-ақ жеке және ведомстволық архивтерден тұрады. Ұлттық архив қорының жалпы көлемі 25 миллион сақтау бірлігін құрайды.
Кино • 29 Қазан, 2024
Музыка – киноның ажырамас қосалқы бір бөлігі. Кино әуелде мылқау болып басталғанымен, кейін оны музыкасыз елестету мүмкін болмай қалды. Кезеңдердің сынағынан өткен кейбір фильм музыкасының ерекшелігімен есте ұзақ сақталып келеді. Мұның жарқын мысалын ертеректе түсірілген қазақ фильмдерінен де кездестіруге болады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының «Қазақ киносына саяхат» атты концерт ұйымдастырудағы мақсаты да сол, ұлттық киноның өткен тарихына шолу жасап, аңызға айналған фильмдерде шырқалған ән мен күйді ұмыттырмай, көрермен жадында қайта жаңғырту болғаны анық.
Өнер • 24 Қазан, 2024
Жер – ана болса, Аспан – әке іспетті, бірін-бірі айналған егіз кеңістік арасы ендік пен бойлықтармен ұштасып жатса да, жер бетінің жұмбағы мен заңдылығы сонау зеңгір көктен басқарылатындай, адам баласы аспанды құдіретті санаған әдетінен әлі жаңылысқан жоқ. Күн сайын арайлап ататын таң мен кешке мұнартып бататын күннің мекені де көк аспан. Жиегі көрінбейтін шетсіз-шексіз аспанды періштелер көктеп жүреді деген сеніммен бала біткен көзі талғанша көкке қадалып, арманын аспанға қарап айтады. Аспан – еркін әлем, арман мен қиялды тоғыстырып, төңкеріліп түскен көк теңіз.