Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
639 материал табылды

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025

Үш жүз саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Ауылдан қалаға үдере көшкен халықтың дені саяжайларды жағалап, жаз маусымына арналған үй-жайдың орнына бас­пана салып, түбегейлі қоныстанғалы талай жылдың жүзі өтті. Басқалқа табылғанмен, жол мен жарыққа жарымау, ауызсу тапшылығы, тарифтің қалтаны қағар қымбат­шылығы мұндағы халықтың басты проблемасына айналды. Осы тығырықтан шығудың жолы – саяжайларға «ауыл» мәртебесін алу туралы ұсыныстар әкім-қарарлардың есептік жиынында сан мәрте көтерілгенмен, шешім тауып мандытпады. Сөйтіп, әлеуметтік мәселелері жыл өткен сайын қордаланған саяжай тұрғындары тұрмыс тауқыметін аз тартпады.

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

«ҚазЖеңілӨнеркәсіпАлматы» киім фабрикасының бөлімшесі саналатын «Алатау» ЖШС Жамбыл ауданындағы өнеркәсіптің өрісін кеңейтіп отыр. Іске қосылғанына екі жылға жуық­таған кәсіпорын жұмысы уақыт өткен сайын қарқын алып, отандық тігінге тапсырыс көлемі артып келеді. Кәсіпорынның тігін машиналарымен жабдықталуына бастапқыда 230 млн теңге инвестиция тартылған. 30 шақты адамды еңбекпен қамтыған тігін цехында бүгінде 100-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – Ұзынағаш ауылының тұрғындары.

Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025

Қонаевтағы саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

Былтыр балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткені белгілі. Қонаев қаласында ұлы тұлғаның есімі әлі де ұлықталып жатыр. Жаңа жылда орталық саябаққа жазушы Б.Соқпақбаевтың есімі берілді.

Мектеп • 31 Желтоқсан, 2024

Қарасай ауданында екі жайлы мектеп есік ашты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарасай ауданында еңселі екі мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жаңалық – жергілікті жұрттың қуанышын арнасынан асырып, балалардың жүзін бал-бұл жайнатты. Себебі енді оқушылар сөмкелерін сүйретіп, алысқа сабылмай, заманауи су жаңа мектепте білім алады. Білім шаңырақтарының бірі – Қаскелең қаласының іргесінде болса, екіншісі – Кемертоған ауылында салынған.  

Жәдігер • 25 Желтоқсан, 2024

Мойын алқа

Еңбекшіқазақ ауданындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында көненің көзіне айналған жәдігерлер жетіп-артылады. Соның бірі гривна – мойынға тағатын шеңбер түріндегі күміс немесе алтыннан жасалған бұйым. Алтын адам мойнынан ұштарында барыстың басы бар үш жарым орамды спираль тәрізді гривна (мойы­н алқасы) табылған. Оның негізгі бөлі­гін­дегі түтікшелердің ұштарына алынбалы топса қондырылған.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024

Сарыбастаудың сәнін кіргізген кешен

Райымбек ауданы Сары­бастау ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Ал­маты облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бой көтерген нысанды бас мердігер «СП «NEFT» ЖШС бір жарым жыл ішінде халықаралық, заманауи талаптарға сәйкес етіп салып шығып, қолданысқа берді.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024

16 отбасы қуанышқа кенелді

Қарасай ауданында ха­лықтың әлеу­мет­тік жа­ғы­нан осал топтарына арналған баспананың кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жаңа қоныс иелерін арнайы құттықтады.

Жұмыс • 24 Желтоқсан, 2024

Жүз жас маман жұмысқа орналасты

Биыл «Amanat» пар­тия­сының «Жастар рухы» жастар қанатының бас­тамасымен өңірде екі ірі бос жұмыс орын­дар жәрмеңкесі ұйымдас­ты­­рылды. Нәтижесін­де, «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жүзден аса жас маман жұмысқа орналасты.

Спорт • 24 Желтоқсан, 2024

Өрендер белдесті

Халықаралық және республикалық ірі жарыстардың жеңім­паздары Азамат Дүмбіров пен Бекжан Мырзалиевтің құр­метіне Кеген ауданында жасөспірімдер арасында облыс­тық ашық турнир өтті. Жарысқа Алматы облы­сының аудандары мен қалаларынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстаннан спортшылар қатысты. 2011–2014 жылдары туған жасөспірімдер 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Байқау • 20 Желтоқсан, 2024

Бәйгеде бағы жанғандар

Алматы облыстық «Бәй­ге» федерациясының ұйым­дастыруымен «Жыл-үздігі – 2024» салтанат­ты жиын өтіп, ат спорты ойын­шыларының үздік­те­рі анықталды.

Яндекс.Метрика