Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралап өңірде 5 айдан бері жұмысы тоқтап тұрған мектеп барын анықтады. Бұл туралы «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шаруашылық • 02 Қараша, 2023
Күзгі жиын-терін жұмыстарының бірі – жүгері жинау науқаны. Бұл күнде алтын түстес жүгерінің жоғары сапалы жаңа тұқымын өсірумен айналысатын Еңбекшіқазақ ауданындағы «Будан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы қыза түскен. Еліміз бойынша элиталық жүгері тұқымын өндірумен тұрақты түрде айналысатын кәсіпорынның жеткен жетістіктері аз емес. Бұл шаруашылық еліміздегі жүгері өсірушілердің – 65 пайызын, ал Алматы облысының жүгері өсірушілерінің 90 пайызын жоғары сапалы тұқыммен қамтып келеді.
Шаруашылық • 31 Қазан, 2023
«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.
Аймақтар • 31 Қазан, 2023
Болашақ чемпиондарды баулитын кешен
Шекаралы аймақ – Райымбек ауданының Сүмбе ауылының жастарын шат-шадыман еткен айтулы жаңалық – заманауи спорт кешенінің пайдалануға берілуі. Ауылдың ажарын ашып, тұрғындар көңілін көпсіткен еңселі ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр.
Өндіріс • 30 Қазан, 2023
Сүт импортына тәуелділікті төмендетеді
Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен оңтүстіктегі облыстардың сүт өндірушілеріне арналған «Консалтинг және оқыту орталығы» ашылды. Жоба сүт өндіру саласындағы Қазақстан-Германия KFM бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылуда.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Егемен еліміздің мерейлі мерекесі – Республика күні Алматы облысында да айрықша аталды. Арманы Алатаудай асқақ, келешегі кемел өңір жұртшылығы ұлттық мерекеге толағай табыс, жарқын көңіл күймен келді. Биік таудың баурайында ән қалықтап, күй күмбірледі. Көк Туымыз көкте желбіреді. Қонаев қаласының Мәдениет үйінде өткен салтанатты шара облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ақжарма тілегімен басталды. Жері шұрайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бейнеролик арқылы баяндалды.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Алғаны – алғыс, мінгені – мопед
Ынтымағы ұйысқан Ұзынағаш ауылының үлкен-кішісіне тегіс таныс Оляның жолын апта сайын асыға күтетіндер аз емес. Осылай атап кеткен ауыл тұрғындарына құшақ-құшақ газет-журнал жеткізетін Ольга Ділдебаева поштада қызмет еткелі отыз жылды орталапты.
Өнер • 24 Қазан, 2023
Тұмса табиғаттың ғажайыбына зер салып, сұлу келбетін қылқаламмен ақ қағазға түсіруге әуес балауса дарын иелерінің өнерін ұштауға суретші әрі өлкетанушы Болат Сәрсенбай ұшан-теңіз еңбек сіңіріп жүр.
Ұлттық спорт • 24 Қазан, 2023
Сонау 80-жылдардың соңында қатары селдіреген құсбегілердің басын біріктіріп, ата дәстүрімізді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат еткен «Жалайыр Шора» атындағы бүркітшілер мектебінің негізі қаланған.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Бас мейрам басталғалы тұрғанда «Қазақстан халқына» қоры Алматы облысына онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешенді тарту етті.