Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Мегаполиске жақын аудандарға қоныстанған тұрғындардың төрт құбыласы түгел деу қиын. Елді мекендердегі жарық, су, жол мәселесіндегі қиындықтар күрмеуінің тарқатылуы әлі де өзекті. Енді оған ұры-қарының жолын кесіп, үйлерін күні-түні қарауылдау машақаты қосылып отыр. Олай дейтініміз, жуырда Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат аулының Хасанов көшесіндегі бірнеше үй бірінен соң бірі тоналған. Тұрмыстық бағалы заттарды үптеп кеткен ұрылардың ісі тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды.
Зерде • 26 Желтоқсан, 2023
Жаңалық ауылындағы «Қуғын-сүргін құрбандары» музейінде қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Пассионар тұлға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға келген ҰҒА академиктері, жүргеновтанушы-ғалымдар, зерттеушілер мен зиялы қауым өкілдері, ең алдымен, репрессия жылдары жазықсыз жапа шегіп, оққа ұшқан құрбандарды еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, арыстар рухына тағзым етті.
Алматы • 21 Желтоқсан, 2023
Жеке тұлғалардың қолына ретсіз, заңсыз өтіп, мақсатсыз, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару Президент пәрменімен жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде биыл «Amanat» партиясының бастамасымен Алматы облысында 281 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының өңірдегі көшпелі отырысында айтылды.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2023
Биылғы күз айының жылдағыдан жылы болуына қарап, оңтүстік өңірде қыс түспейтіндей көрініп еді. Алайда желтоқсанның екінші онкүндігінен бастап ауа райының күрт бұзылуы аймақты әп-сәтте ақ мамыққа орап тастады. Нәтижесінде, облыс орталығы Қонаевта коммуналды қызмет көрсетуші компания жұмыскерлері бір тәулікте 44 мың текше метрден астам қар шығарғаны жөнінде Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабардар етті.
Байқау • 14 Желтоқсан, 2023
Ұрпақ тәрбиесі – таусылмайтын тақырып. Күнделікті күйбең тіршіліктен де баланың үйренері көп. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналықтың түп-төркіні осы ойымызды айқындай түсері анық.
Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Алматы облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Олимпиадалық есептерді шешудің тиімді жолдары» атты екі күндік семинар-кеңес өтті. Оған негіз де жоқ емес. Осы жазда «Балдәуренде» академик Мұхтарбай Өтелбаевтың математикалық танымдық орталығы ашылған болатын.
Форум • 13 Желтоқсан, 2023
Экономикалық ынтымақтастық аспектілерін талқылау мақсатында отандық 200-ге жуық кәсіпкер мен шетелдік инвестор Қонаев қаласында бас қосты. «Аlatau invest» халықаралық бизнес-форумын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты түрде ашып, бұл іс-шара экономикалық ахуалды өрістетуге және бірнеше ел мен компания арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін негізгі оқиға саналатынын айрықша атады.
Форум • 11 Желтоқсан, 2023
Алматы облысында алғаш рет өткен «Amanat» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының I өңірлік форумы халық қалаулылары мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланысты нығайтуға негізделді.
Медицина • 11 Желтоқсан, 2023
Осы күні елімізде қызылшамен ауырғандар саны артып, алаңдаушылық тудырып отырғаны белгілі. Осыған орай, жаппай иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы • 10 Желтоқсан, 2023
Көз тұндырар көркем табиғатымен ерекшеленетін Алматы облысын туризмнің отаны десек, артық айтқандық емес. Жыл сайын өңірге ағылатын туристер саны еселенді. Соған лайық қызмет көрсету аясы да жанданып, жаңашаланып келеді.