Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
270 материал табылды

Туризм • 24 Шілде, 2023

Туризмге арналған тұңғыш форум

Қонаев қаласында І Халықаралық медиа және туризм форумы өтті. Екі күнге созылған іс-шараны «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры, Алматы облысының әкімдігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Мәдениет министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Әлемнің жетекші БАҚ өкілдері мен отандық масс-медиа журналистерінің басын қосқан айтулы форумға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Медицина • 24 Шілде, 2023

Шалғай ауылдың шамшырақтары

Биыл Алматы облысына арнайы келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сапары барысында дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі қаралды. Оның ішінде шалғайдағы ауыл-аймақтарда кадр тапшылығы қатты сезіліп тұр.

Қоғам • 21 Шілде, 2023

Күл-қоқысқа көмілген ауыл

Аспан асты, жер үстіндегі аласапыран тіршілікте тұмса табиғаттың қадір-қасиетін сезініп, оны аялай білу адамзат баласының асыл мұрасы емес пе? Түздің тазалығын сақтап, оған жанашырлық таныту да адамгершілік пен мәдениеттің деңгейін көрсетсе керек. Тыныстап жүрген ауамыз таза, ішер суымыз тұнық болса, денсаулығымыздың мықты, жасымыздың ұзара түсері сөзсіз. Алайда мұны қаперге алмаудың, қоршаған ортаға аяушылық танытпаудың салдары бүгінгі қоғамға ғана емес, ұрпағымыздың келешегі үшін де аса қауіпті.

Аймақтар • 17 Шілде, 2023

Көшпелілер әлемі

Жуырда Қарасай ауданындағы «NOMAD» этноауылында жас ұрпақтың тарихымызды тереңнен тануына мүмкіндік беретін «Көшпелілер әлемі» атты танымдық фестивалі ұйымдастырылды.

Ауыл • 14 Шілде, 2023

Сақтан ауылының сәлемі

Құрқылтайдың ұясындай ғана шағын ауыл Сақтан деп аталады. Талғар ауданындағы аумағы жағынан ең үлкен Қайнар ауылдық округіндегі 12 елді мекеннің бірін құрайды.

Үкімет • 10 Шілде, 2023

Халық үніне құлақ асты

Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Максим Рожин мен Мақсат Толықбай ең алдымен Еңбекшіқазақ ауданына келді. Сапар барысында Рахат ауылдық округіндегі 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Іс-шара партияның жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Спорт • 09 Шілде, 2023

Елімізде екінші рет

Арайлы Астана қаласының 25 жылдығына орай Қонаев қаласында ашық суда жүзуден «Oceanman Kazakhstan – 2023» халықаралық жарысы өтті. Бұл байрақты бәсекеге Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен «Oceanman Kazakhstan» қоғамдық қоры ұйытқы болды.

Аймақтар • 04 Шілде, 2023

Тұрғындар тілегі орындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Алматы облысына жұмыс сапары барысында жолаушылар көлігімен қамтылмаған ауылдық елді мекендерге автобус маршруттарын беретін коммуналдық кәсіпорын құруды тапсырған. Осы тапсырманы орындау мақсатында жыл басында облыс әкімінің қаулысымен «Алматы облысының автобазасы» ЖШС муниципалды автобус паркі құрылған болатын. Шілденің алғашқы күні коммуналдық парктің алғашқы мар­шруттары жолға шықты.

Ауыл • 03 Шілде, 2023

Төскейі төрт түлікке толы жайлау

Теңіз деңгейінен шамамен екі жарым мың метрге жуық биіктіктегі Іле Алатауының шығыс сілемінде жатқан атақты Асы жайлауын Еңбекшіқазақ ауданының малшылары жайлайды. Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы жайлау төрінде 500-ден астам шаруа қожалығының малдары жайылып, қоң жинайды. Жыл сайын жайлау төсін дүбірлеткен малшылар слетінің карантин уақытында жібі үзіліп қалған еді. Биыл дәстүрлі шара қайта жаңғырып, Асыда ауылшаруашылық еңбеккерлері мен кәсіпкерлердің форумы ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, ауыл шаруашылығына қолайлы өңірдегі төрт түлік малдың 65 пайызы 133 жайлауда жайылады.

Қылмыс • 26 Маусым, 2023

Мал ұрлығы маза берер емес

Ауыл тіршілігінің сәні мен мәні – алдына салып баққан азын-аулақ малы. Шаңырағы жанға, қорасы малға толуына тілекші ағайындар төрт түлік қарасын көбейтіп, ырыс-берекесін арттыруға ниетті-ақ. Алайда оған жайылымдық жердің тапшылығы адым аштырмай, тұсаулап тұрғаны – бүгіннің бас­ты проблемасы. Соған қарамастан мал өсіріп, оның азығын қамдап жүрген ағайынның адал еңбекпен тапқан малын алдына сап айдап кетіп, оңай олжаға кенелгісі келген қарақшылардың қылмысы көбеймесе азаймай отыр.