
Еңбек • 23 Тамыз, 2024
Еңбек адамы ескерусіз қалмайды
Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы өмірімізді кәдімгідей жеңілдетіп, уақытымыз әжептәуір үнемделіп қалды. Заманның бұл игілігіне тез икемделгендер онлайн платформалар арқылы пайда тауып, негізгі жұмыс көзіне айналдырып отыр. Бірақ жылдан-жылға қатары көбейіп, нәпақасын осындай жолмен ажыратып жүргендердің еңбек құқығы толық қорғала қоймаған. Осы мәселені назарына алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында еңбек нарығындағы ауқымды өзгерістерге сәйкес тиімді тәсілдер қарастыруды тапсырған еді.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
1 тамыздағы дерекке сәйкес елімізде жастар практикасы бойынша 14,7 мың адам жұмысқа орналасты. Биыл осы бағытта жалпы 40 мың жасты жұмысқа тұрғызу жоспарланып отыр.
Саясат • 15 Тамыз, 2024
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Тайланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары Пхамтум Вечайячайдың кездесуінде сауданы дамыту, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және қазақстандық өнім экспортын ұлғайту бағытындағы екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды.
Экономика • 14 Тамыз, 2024
Экономикадағы патриотизм қағидаты
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі көтерілді. Осы ретте мемлекеттік сатып алу саласын реттеу, фармацевтика саласын дамыту бағытында бірқатар міндет белгіленді.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2024
Қай өңірдің де өсіп-өркендеуі тиімді жұмыс күшінің тиісті деңгейде жеткілікті болуымен тікелей байланысты. Бұл ретте маман тапшылығы қатты сезілетін аймақтарға белгілі бір салада біліктілігі бар азаматтардың қоныс аударуына жағдай жасаудың маңызы зор. Осы мақсаттан туған көште ілгерілеу байқалады.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
Кедергісіз қозғалысқа қолайлы ғимараттар
Жыл басынан бастап мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары барлық өңірде 1 701 тексеру жүргізді. Мұның 528-і – профилактикалық бақылау аясында, 270-і – жоспардан тыс, 973-і прокуратураның талабы бойынша іске асырылды.
Саясат • 08 Тамыз, 2024
Қазақстан – Өзбекстан: Алыс-беріс артады
Кеше Астанада «Қазақстан – Өзбекстан» бизнес форумы ашылды. Аталған іс-шара барысында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин екі ел өзара сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізуді көздеп отырғанын мәлімдеді.
Экология • 03 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Астанадағы су қоймасын қоқыс пен қалдықтардан тазартуға бағытталған сенбілік ұйымдастырылды.
Саясат • 01 Тамыз, 2024
Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау және тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Экология • 11 Шілде, 2024
Астана алға бастар барлық оң көрсеткіш бойынша беттүзеріміз болуы керек. Еліміздің тұс-тұсында тазалықты тағылым тұтқан экологиялық акцияда да елордамыздың ел айнасы ретінде ерекшеленгені жөн. Сондықтан да бас қаладағы акция «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» деген атаумен өткізіліп жатыр.